Все новости за 20 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Саябақтарда жексенбілік жаттығулар өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елорда әкімдігі төрт саябақта тегін спорттық іс-шаралар ұйымдастырады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
-
СҚО-да жол жөндеу бойынша кепiлдiк мерзiмi ұзартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автожолдарды күту және жөндеу жөнiнде СҚО әкiмдiгiнiң отырысында талқыланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда ғимараттарды техникалық тексеру жұмыстары жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл техникалық жағынан күрделі көпқабатты ғимараттар мен адамдар көп жиналатын ғимараттарда кешенді техникалық тексеріс жүргізіледі, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.
-
Түркістан өңірін дамытатын 480 жоба жүзеге асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Атырауда XV дельфий ойындары басталды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда XV облыстық Дельфий ойындары басталды. Байқауға өңірдің түкпір-түкпірінен келген 200-дан аса жас талант алдағы екі күн бойы домбыра, қобыз, эстрадалық ән, баян, заманауи және халық биі секілді 15 аталым бойынша сынға түседі.
-
Түркістанда әуенді субұрқақ күзде пайдалануға беріледі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанның кешінде әуенді, әуезді субұрқақтың жанында серуендейтін күн де алыс емес. Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі киелі өңірге жарық музыкалық субұрқақ нысанын сыйға тартпақ.
-
Нұр-Сұлтанда заңсыз жарнамалық баннерлер мен маңдайшалар алынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» атты жалпықалалық акция өтуде, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.
-
Қазақстандықтар қарыздарын Telegram қосымшасы арқылы тексере алатын болады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұдан былай шетелге шығуды көздеген азаматы өзінің шетелге шығуға салынған тыйымның бар-жоғын @EgovKzBot арқылы тексере алатын болды. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО филиалының директоры Асхат Жарылқасынов хабарлады.
-
Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты өзгереді, деп хабарланды «Астана LRT» компаниясының ресми сайтында.
-
Алматыда "Ұлы дала – көшпенділер әлемі" фестивалі өтеді
Алматы, BAQ.KZ. 7-8 маусым күндері Боралдай сақ қорғандарында «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасы хабарлады.
-
Шымкентте 5500-ге жуық мектеп түлегі ҰБТ тапсырады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шымкентте 5463 мектеп бітіруші Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының бас маманы Ұлжалғас Сәуірбаева хабарлады.
-
Жамбыл облысында сода өндіретін зауыт салынбақ
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында «Qazaq Soda» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кальцийленген сода өндіру зауытын салуды жоспарлап отыр. Оның инвесторы – түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы.
-
Жастар жылы: «Жастықтың оты жалындап...» мүшәйрасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында елорда әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі дәстүрлі республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды. Еліміздің 35 жасқа дейінгі жас ақындарын аламан жыр бәйгесіне қатысып, өз бақтарын сынауға шақырады.
-
Қызылжарлық шебер темір сауыт жасап шығарды
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжарлық шебер Ерғали Сәткенов ортағасырлық қазақ батырының сауытын жасап шығарды. Ұста салмағы 10 келіге жақын бұйымды әзірлеуге 9 ай уақытын жұмсаған.
-
Дариға Назарбаева Армения Президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
-
БҰҰ-мен ынтымақтастық мәселесі біздің саясатымыздың басым бағыттарының бірі – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Ел чемпионаты. Ақмола құрамасы қарағандылықтарды ойсырата ұтты
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының көкпар ойыны бойынша топтық кездесудің бүгіндікке соңғы жұбы алаңға шықты.
-
Назарбаев Университеті Қазақстанның брендіне айналды – Елбасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсуды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанда еріктілер ұйымының 50 мыңнан астам мүшесі бар – Абаев
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 222 еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан-Ресей жастарының форумында мәлімдеді.
-
Бақыт форумы: статистика мен сауалнама нәтижесінде қарама-қайшылық бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2015 жылғы әлемнің 158 еліндегі бақыт деңгейі бойынша Қазақстан 44-орында. Бұл туралы Стратегиялық бастамалар орталығында өткен форумда айтылды.
-
20 мамыр. Сайлау барысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.
-
Алматы облысында экомарафон өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Марафон «Алтын емел» ұлттық саябағындағы «Айқай құм» табиғат ескертішінен басталып, Шарын шатқалына дейін жалғасады. Жалпы ұзындығы – 250 шақырым.
-
ШҚО-ның шалғай елді мекендеріне жоғары жылдамдықты интернет тартылады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы екі жылда Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданындағы 10 елді мекен 4G (LTE) жылдамдықтағы интернет желісіне қосылады.
-
Ел чемпионаты. "Әулие ата" ә дегеннен қара үзді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Көкпар алаңында алаң иелері мен Солтүстік Қазақстан облысының құрамы тақым түйістірді. Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен СҚО құрама командасы арасындағы дода тым тартысты болмады.
-
20 күнде FlyArystan 5 мың жолаушыны тасымалдап үлгерген
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық FlyArystan тұңғыш лоукостері 20 операциялық күннің ішінде Тараз қаласынан өзге аймаққа және өзге аймақтан Тараз қаласына 5000 жолаушыны тасымалдап үлгерген.
-
Сайлауға қоғамдық мониторинг жүргізіледі
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. «Аманат» азаматтық платформасының Атырау қаласындағы штабы сәуір айынан бастап жұмыс жасап келеді. Штаб құрамында 20-ға жуық мобильдік капитан қызмет көрсетеді. Облыс бойынша бекітілген 262 сайлау учаскесінің әрқайсысына тәуелсіз бақылаушы дайындау жоспарлануда.
-
Тілшілер жаңадан құрылған туристік полицияның жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жақында елімізде туристік полиция құрылған болатын. Бүгін тілшілер Нұр-Сұлтан қаласындағы турполицияның жұмыс барысымен танысты.
-
Қазақстанның қай қалаларының тұрғындары бақытты?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде бақыт индексі бойынша Қазақстан өңірлерінің алғашқы рейтингі жасалды.
-
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен бірқатар ауыз-түйістер орын алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ел чемпионаты. Алматы Қостанай құрамасына есе жіберді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Түске дейін төрт жұптың көкпарын тамашалаған көрермен түс ауа Алматы қаласы мен Қостанай облысының арасындағы бәсекені тамашалады.
-
Жамбылдық диқандар картоптың жаңа сұрпын жерсіндіруде
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Жамбыл облысына Ресей Федерациясы мен Қазақстанның солтүстік облыстарынан картоптың жаңа сұрыптары әкелініп, жерсіндірілуде.
-
Президент қызметіне жаңа кіріскен Зеленский парламентті таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсімі өтті. Ол қызметіне кірісіп, халыққа үндеуін айтты.
-
Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламенттік дипломатия бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға жол ашады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Бішкекте өтіп жатқан ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің көшпелі отырысында сөз сөйледі.
-
Нұр-Сұлтанда үздік педагогтарды таңдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының қалалық кезеңі басталады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет синоптиктері хабарлады.
-
Қазақстан жастардың мейірімді мекеніне айналады ма?
Әлем халқының 1,8 миллиарды – жастар болып табылады. Бұл дегеніміз АҚШ халқының санынан үш есе артық. Көптеген мемлекеттер жастардың қоғам дамуындағы қозғаушы рөлін мойындай отырып, қолайлы жағдайлар жасауға тырысады. Осы орайда жастардың дамуына тең жағдайларды қамтамасыз ету, өзгерістердің дин
-
Сайлауды бақылайтын ТМД миссиясы жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Достастық мемлекеттерінің кезектен тыс Қазақстан президенті сайлауын бақылау миссиясы жұмысқа кірісті. Бұл туралы Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары – ТМД атқарушы хатшысы Виктор Гуминский Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте мәлімдеді.
-
Қазақстан-Ресей жастарының форумына 1000-нан астам делегат жиналды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы басталды. Екі күнге жоспарланған іс-шараның басты мақсаты – әр саладағы жас еріктілердің рөлін, белсенділігін арттыру.
-
Ел чемпионаты. Қызылорда құрамасы «Адай атаны» әрең жеңді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз төрінде ту көтерген Ұлттық спорттан ел чемпионатының алғашқы күні көкпардың көкберендері алаңға шықты. Жамбыл жерінің ми қайнатар ыстығына қарамастан көрермендер шаңқай түсте Қызылорда облысы мен Маңғыстау облысының тартысын тамашалады.
-
Маңғыстаулық студенттер пара алатын оқытушыларды атап көрсетті
Ақтау, BAQ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменті сәуір айынан бастап Ақтаудағы 14 жоғары және арнаулы орта оқу орнында білім алып жатқан студенттер арасында сауалнама жүргізді.
-
Маңғыстаулық полицейлер аймақ тұрғындарының ұсыныс-тілегін жолда қабылдады
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. ІІМ-нің нұсқауымен республика аумағында өтетін дәстүрлі шара осы өңірде екі күнге жалғасты.
-
Солтүстік Қазақстанда көпір қолданысқа беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа автомобиль көпірі осы жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.
-
Ел чемпионаты. Атырау айқын басымдықта
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласының жанындағы Бектөбе ипподромында Көкпардан ересектер арасындағы ХІХ Қазақстан чемпионатында топтық кездесудің үшінші қарсыластары БҚО құрамасы мен Атырау облысы құрамалары арасындағы дода ә дегеннен-ақ тартысты басталды.
-
Нығматулин Бішкекте ҰҚШҰ елдері Парламенті өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Бішкекте ҰҚШҰ елдері Парламенті өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Палата спикері бастаған делегация ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының көшпелі отырысына қатысуда.
-
Тәжікстан колониясында сотталушылар бүлік шығарып, 30-ға жуық адам мерт болды
Алматы, BAQ.KZ. 19 мамыр күні кешкі сағат 20.30 шамасында Вахдат қаласындағы қатаң режимдегі колонияда сотталушылар бүлік шығарды. Олардың барлығы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымының қатарында болғандар, деп жазды Avesta.Tj агенттігі.
-
Маңғыстауда 230 млн долларға бағаланған екі инвестициялық жоба жүзеге асады
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысының әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласында «Астана халықаралық қаржы орталығымен» бірлесе «Global Silk Road Mangystau invest 2019» халықаралық форумын өткізді. Аталған шара «Астана экономикалық форумы» күндері аясында ұйымдастырылды.
-
Өскеменге қатынайтын пойыздың жүру кестесіне өзгеріс енгізілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол-Риддер және Нұр-Сұлтан-Сарыағаш бағытындағы жолаушы пойыздарының маршруты мен жүру кестесінің өзгеретіні туралы ескертеді. Бұл туралы компанияның баспасөз орталығы хабарлады.
-
Мамин Армения президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына ХІІ Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады primeminister.kz.
-
Ел чемпионаты. "Астана" ШҚО-ға есе жіберді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Әйгілі Әулие-ата жерінде байрағын көтерген ересектер арасындағы Ұлттық спорттан ел чемпионатының топтық кезеңдегі екінші ойыны Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» көкпар командасы мен ШҚО-дан келген құрама арасында өтті.
-
Қажымұқан турнирінде Руслан Әбдіразақов жеңімпаз атанды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан атындағы орталық стадионында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 148 жылдығына орай қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир өз мəресіне жетті.
-
Осы аптада елордада өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің ресми сайты 20-26 мамыр аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады.
-
"Әміре" фильмі екі кинофестивальге қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайтын «Әміре» көркем фильмі мамыр айында екі бірдей фестивальге қатысып жатыр.
-
Алматы облысында жоғалып кеткен қыздың денесі таудан табылды
Алматы, BAQ.KZ. Осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен студент Айгүл Амангелдінің денесі таудан табылды. Бұл туралы облыстық ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елші Prabhat Кumar - білім, Гоа және Пәкістанмен қарым-қатынас туралы
Үндістан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумармен сұхбат.
-
Бірінші кезең аяқталды: Премьер-лиганың 11-турына шолу
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың бірінші кезеңі аяқталды. «Астана» 11 ойынның үшеуінде ұтылды. Бұл жолы өз алаңында «Шахтерге» есе жіберді. Ел чемпионынан екі ойыны кем «Қайсар» мен «Тобылдың» бірінші орынға көтерілуге керемет мүмкіндігі бар.
-
Ел чемпионаты. Алғашқы жеңіс "Құлагер" командасында
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының көкпар ойыны бойынша топтық кездесудің алғашқы ойыны өтті.
-
Бүгін Зеленскийдің инаугурациясы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийдің инаугурациясы өтеді.
-
Жапонияда өткен әлемдік турнирден қазақстандық спортшы 2 медаль алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен Seiko Golden Grand Prix Osaka турнирі аяқталды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматының кейбір бөлігінде суық су тоқтатылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Бостандық ауданынының кейбір бөлігінде суық су беру тоқтатылды. Бұл туралы «Алматы су» МКК хабарлады.
-
Түркістан облысында күн электр станциясы іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласына арнайы жұмыс сапарымен барды. Облыс басшысы «KazGreenTekSolar» ЖШС-не тиесілі күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін станцияның құрылыс жұмыстарымен танысты.
-
Отандық таеквондошы әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның Манчестер қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары әлемдік сынды бір қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Сыры ашылмаған Сарайшық
Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Бұқаралық ақпарат құралдары көне қала «Сарайшыққа» барды. Экскурсия алдымен мұражайдан басталды. Жалпы бұл тарихи-мәдени музей қорығында төрт мыңға жуық жәдігер сақтаулы.
-
Германияда автобус аударылып, 70 шақты адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автобус Берлиннен Мюнхенге қарай бара жатқан. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 60-тан астам жолаушы зардап шекті.
-
Ноғаев Жайық-Каспий бассейніндегі жұмыстарды тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жайық-Каспий бассейніндегі түбтазалау жұмыстарының барысымен, «Ақ Жайық» табиғи резерватындағы балық өту арнасының жай-күйімен танысып, бұрыңғы «Атыраубалық» зауытының аумағына барды.
-
20 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды.
Наверх