Шымкентте 5500-ге жуық мектеп түлегі ҰБТ тапсырады

20 Мамыр 2019, 20:15
2187
Бөлісу:
Шымкентте 5500-ге жуық мектеп түлегі ҰБТ тапсырады

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шымкентте 5463 мектеп бітіруші Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының бас маманы Ұлжалғас Сәуірбаева хабарлады.

Шымкентте барлығы 149 жалпы орта білім беретін мектеп бар. 2018-2019 оқу жылында сол мектептердің 11-сыныбын 8080 оқушы аяқтайды. Оның 5 488 қазақ тілінде, 1 533 орыс тілінде, 1 059 өзбек тілінде білім алады.

«Алтын белгі» белгісіне үміткер оқушылар саны – 403, Үздік аттестатқа үміткерлер саны – 367 оқушы болып отыр.

"Бітіруші 8 080 оқушының 5 463 Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Соның ішінде 4 454 оқушы - қазақ тілінде, 987 оқушы – орыс тілінде, 7 оқушы – ағылшын-қазақ тілінде, 15 оқушы – ағылшын-орыс тілінде тапсырады",- деді Ұлжалғас Сәуірбаева.

Шымкент қаласында ҰБТ 5 Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу орталығында ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚМПИ, Халықаралық Silk Way университеті, Шымкент университеті және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттері базасында өтеді.

Айта кетсек, ҚР Білім және ғылым министрінің «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы» №687 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласы мектептерінің 11-сынып оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуді 2019 жылы қаңтар, наурыз айларында ақылы негізде тапсырды.

Қаңтар айында өткен ҰБТ- ға барлық 8 080 бітірушінің 1318 өтініш білдіріп, ақылы негізде тест тапсырып шықты. Нәтижесінде қала бойынша орта балл – 64,3 құрады. Ал наурыз айында өткізілген ҰБТ-ға тапсыруға өтініш білдірген 4472 оқушы тапсырып шықты. Нәтижесінде қала бойынша орта балл – 74,46 құрады. Биылғы ҰБТ 20 маусым – 5 шілде аралығында өтеді.


Өзгелердің жаңалығы