Нұр-Сұлтанда заңсыз жарнамалық баннерлер мен маңдайшалар алынуда

20 Мамыр 2019, 21:16
1947
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда заңсыз жарнамалық баннерлер мен маңдайшалар алынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» атты жалпықалалық акция өтуде, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында. 

Бүгін қалалық әкімдікте өткен отырыс барысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов жыл басынан қалада 800-ге жуық нысаннан заңсыз жарнаманың алынғанын айтты. 

«Қазір әр аудан бойынша жұмыс тобын құрдық. Арнайы график бекітіп, әр күні әр ауданда заңсыз жарнамаларды алуды бастадық. Жалпы қалада «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясы жүріп жатыр.  Шара аясында 250-ден аса нысанда заңдық консультация берілді. Жақында ғана Тәуелсіздік даңғылы бойында 200 метрден асатын билбордты алдырып тастадық. Жыл басынан жұмыс топтары «Алматы» ауданында 137, «Байқоныр» ауданында 400-ден аса, «Есіл» ауданында 15, «Сарыарқа» ауданында 247 заңсыз жарнама алынып тасталды. Жұмыстар жалғасып жатыр», - деді қала әкімінің орынбасары. 

Осы ретте елорда әкімі Бақыт Сұлтанов аудан әкімдіктеріне және тиісті құрылымдарға жоғарыда аталған жұмысты күшейтуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы