Ел чемпионаты. Ақмола құрамасы қарағандылықтарды ойсырата ұтты

20 Мамыр 2019, 18:22
2510
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Ақмола құрамасы қарағандылықтарды ойсырата ұтты
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан – V чемпионатының көкпар ойыны бойынша топтық кездесудің бүгіндікке соңғы жұбы алаңға шықты.

Қарағанды облысы мен Ақмола облысы. Көрші жатқан қос құрама бірінің сырын бірі жақсы біледі.

Қарағанды облысының құрамасы:
1-номірде: Ерлан Оспанов, мінген аты – БТР
2-номірде: Ерғанат Әдиханов – Красавчик
3-номірде: Жандос Басаринов – Ақтабан 
4-номірде: Ерғанат Молдабек – Сарыарқа
5-номірде:  Марғұлан Исақ – Найзағай
6-номірде: Данияр Көшенов – Сұңқар
7-номірде: Мирзо Сыздықов – Тарлан 
8-номірде: Нұрдәулет Жолтай – Көкше
9-номірде: Владислав Мишин – Тұмар
10-номірде: Тілеухан Нұрхан – Ұшқын
11-номірде: Рүстем Қайратов – Жезкиік
12-номірде: Жұмат Құнанбаев – Ераман  

Ақмола облысының құрамасы:
1-номірде: Манас Мұхамедқали, мінген аты – Еліккөк
2-номірде: Абылайхан Тоқабаев – Сұлтан
3-номірде: Әлихан Қалыбаев – Сұңқар 
4-номірде: Айдын Қарбаев – Сұлтан
5-номірде:  Дәуренбек Ноябьр – Сүлікқара
6-номірде: Бекнұр Қиқу – Торықасқа
7-номірде: Бекзат Темірбек – Мұсқат 
8-номірде: Абзал Ахмедия – Бүркіт
9-номірде: Жандос Қалымбаев – Құлагер
10-номірде: Кенжебек Еслямов – Қызылбас
11-номірде: Азамат Қадыров – Сарышаян
12-номірде: Бекзат Тоқабаев – Боран  

Ойынның алғашқы бөлігінде Ақмола облысы алаң қожасына айналып шыға келді. Бастырмалата салған салымды қарсыластары санап үлгермей қалды десек те болады. Кілең құрыш білік, тас тақым жігіттер алғашқы ойында есепті 8:1-мен қорытындылады.

Ел чемпионаты. Ақмола құрамасы қарағандылықтарды ойсырата ұтты

Екінші айналымда да ақмолалықтар алған бетінен қайтпады. Есепті 13:2-ге жеткізген Ақмоланың жігіттері Сарыарқаның саңылақтарын әжептәуір састырды.

Ел чемпионаты. Ақмола құрамасы қарағандылықтарды ойсырата ұтты

Осы орайда, Қазақстан чемпионаты барысында ХІХ кезекті көкпар додасына еліміз бойынша 15 команда бақ сынаған болатын. Жұп-жұбымен 14 команда 7 ойын көрсетіп, бүгінгі ойында D тобындағы Павлодар жұпсыз қалды. Алдағы күндері павлодарлық балуандар Қарағанды мен Ақмоланың көкпаршыларымен бәсекелесетін болады. 

Ел чемпионаты. Ақмола құрамасы қарағандылықтарды ойсырата ұтты

Сонымен қатар, ертең ойнайтын командалар мен ел чемпионатының ашылу салтанатының уақытын да еске сала кетейік.

Ақтөбе облысы – Нұр-Сұлтан қаласы 9.00 – 10.00
Түркістан облысы – ШҚО 10.00 – 11.00
Чемпионаттың ашылу салтанаты 11.00 – 12.00
Алматы қ. – Жамбыл обл. 11.30 – 12.30
БҚО – Қызылорда облысы 12.30 – 13. 30
Атырау облысы – Маңғыстау облысы 14.30 – 15.30
Қостанай облысы – СҚО 15.30 – 16.30
Ақмола облысы – Павлодар облысы 16.30 – 17.30
Өзгелердің жаңалығы