Все новости за 5 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақстанның сыртқы қарызы 2,5 миллиард долларға азайған - Ұлттық банк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 2,5 миллиард долларға қысқарып, 47,2 миллиард доллар болды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Елімізде алдағы үш жылда 300 жаңа медициналық нысан ашылады
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы үш жылдың ішінде еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа 300 денсаулық сақтау нысаны ашылмақ. Сонымен қатар, медицина мамандарының тапшылығы толық шешілмек, сонымен қатар, құрал-жабдықтармен қамту мәселесі күн тәртібінен шешіледі.
-
Елдос - чемпион
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Гран-при жарысында қазақстандық Елдос Сметов 60 келіде алтын медаль алды. Ол финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевті жеңді.
-
Нұр-Сұлтанда UNWTO-ның қалалық туризм бойынша 8-ші жаһандық саммиті өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лиссабонда (Португалия) елорда әкімі Бақыт Сұлтанов UNWTO-ға мүше елдер қалаларының басшылары мен туризм министрлерінің форумында Нұр-Сұлтанды Дүниежүзілік туристік ұйымның қалалық туризм бойынша 8-ші Жаһандық саммитін (2019 жылдың 7-11 қазаны) өткізу орны ретінде таныстырды.
-
Мәскеуде ТМД СІМК отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Түрікменстанның төрағалығымен Мәскеуде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
-
Қарағандыда латын графикасын меңгертудің өзіндік әдістемесі қалыптасты
Қарағанды, BAQ.KZ. Қарағанды облысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлығына сәйкес латын қарпіне көшуге байланысты бірқатар шаралар атқарылуда. Бұл туралы Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанынан құрылған Ресурстық тіл орталығының директоры Гүлназ Серікқызы Мұстағұлова мәлімдеді.
-
Әбдіқалықова: Әр компания өз қызметкерінің әлеуметтік мәселесін шешуге ұмтылуы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова бастаған Үкіметтік жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын түсіндіру бойынша Павлодар облысына барды.
-
Ерлан Қарин Президент кеңесшісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шөкеев Түркістанды дамытудың 5 тетігін атады
Түркістан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті XXXVII сессиясы өтті.
-
Мұрат Майкеев, Қуатжан Уәлиев және Талғат Жанжүменовтер қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Жәлелұлы Майкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда студенттерге арналған заманауи емхана ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жастар жылы» аясында және «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында заманауи студенттік емхананың ашылу салтанаты өтті.
-
Алмаз Нұразхан жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкіммен Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мәдениеттанушы, суретші Алмаз Нұразхан Алмаз 1964 жылы Зайсан
-
Атыраулықтарға мыңдаған көшет тегін таратылады
Атырау, BAQ.KZ. Акцияға қалалық билік бастамашы болып отыр және ол облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарағандыда онкологиялық науқастарды эндоскопиялық әдіспен емдейтін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 2020 жылы қатерлі ісіктері бар науқастарды диагностикалауға емдеуге арналған Облыстық эндоскопия орталығы ашылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
-
Қорғаста бондтық қойма ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қорғас» ШЫХО ЕЭА аумағында орналасқан бондтық қоймадан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің транзитін реттеуге мүмкіндік алды.
-
Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет бочча чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарысқа 6-50 жас аралығындағы 80 спортшы қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Әшімбаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысына сапары барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Көкшетау қаласындағы су басқан «Привокзальный» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.
-
Елімізде балалар үйіне баратындар саны азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада бала тәрбиесіндегі ата-аналар жауапкершілігі талқыланды. Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы бірқатар тиімді үкіметтік емес ұйымдар бірнеше жылдан бері бала тәрбиесіне қатысты мәселелермен кәсіби тұрғыда айналысып келе жатқаны айтылды.
-
Жастар жылы. Қарағандыда түлектер бағы пайда болады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандылық жастар «Өз ағашыңды отырғыз» жобасын бастайды. Биылдан бастап мектеп бітіруші түлектер және жоғарғы оқу орындары мен колледждердің бітірушілері өз жерінде ағаш отырғызу дәстүрін қолға алмақ.
-
Алик Шпекбаев: Ең бастысы - ниет пен ерік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүкіл қоғамның ауқымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру - бұл ұзақ мерзімді процесс. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деді.
-
Қылмыскер ұрлаған сиырын сойып жатқан жерінен ұсталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысында қылмыскер ұрлаған сиырын сойып жатқан кезінде ұсталды.
-
Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Үкіметтің жұмыс тобы қостанайлықтармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың төрағалығымен Үкіметтік жұмыс тобының мүшелері Қостанай облысында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмысын жалғастырды.
-
Қазақстан мен Ресей туризм саласының мамандары бірыңғай нарық ашу мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Туристік-Қамқор» КҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан мен Өзбекстан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Қауіпсіздік кеңестері аппараттарының кеңейтілген жоспарлы консультациялары өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Өткен айда МСҚ-ға 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы наурыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұр-Сұлтандық полицейлер үздік команданы анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бойында батылдық пен төзімділікті қалыптастыру, демалыс күндерін ұтымды пайдалану мақсатында волейболдан үздіктерді анықтап, алдағы кезеңде болатын жарыстарға құрама команда іріктеу сайысы өтті.
-
Геологтардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Токтабаевтың қатысуымен Геологтардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Парижде қазақстандық фотографтың жеке көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция Астанасы Парижде фотограф Тұрар Қазанғаповтың "Менің Қазақстаным" атты көрмесі ашылды.
-
Қызылордада көпірден секіріп өлмек болған қыз құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары суға секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған қаршадай қызды аман алып қалды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлім етті.
-
Шығыста «Жолда қабылдау» акциясы басталды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде респбуликалық «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде. Акцияға Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау, әділет органдары мен «Nur Otan» партиясы бір кісідей жұмылды.
-
Тоқаев "Роскосмос" басшысымен бірге "Бәйтерек" жобасын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бүгін астаналық оқушылар жаттығу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде жаттығулар жүргізілді. Бұл шара баршаға денсаулыққа қол жеткізуді қолдау білдіру мақсатында өткізіліп отыр.
-
Өскеменде 13 жастағы баланы атып кетті
Өскемен, BAQ.KZ. Полиция қару қолданып, бұзақылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Бұл туралы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Кәсіпкерлерден ақша бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
Шымкент, BAQ.KZ. ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесінің көмегімен қылмыстық топ мүшелерін ұстады.
-
Санчес қыркүйекте GGG-дің кіммен жұдырықтасатынын айтты
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинде (38-1-1, 34 КО) орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) қыркүйекте үшінші жекпе-жек өткізе алмаған жағдайға қосымша жоспары бар, деп жазды vesti.kz.
-
Әшімбаев: Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету - мемлекетіміздің негізгі басымдығы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Халыққа Көмек» жобасы Ақмола облысында ерекше қарқынмен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы және Елбасы партия съезінде анықтап берген басқа да басымдықтар бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев аталған өңірге арнайы барды.
-
Астанада қарт адамдарға арналған демалыс орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы аптада Есіл ауданында зейнеткерлерге арналған 13 бос уақыт орталығы ашылды. Орталық аудандық ардагерлер кеңесінің және Есіл ауданы әкімі аппаратының қолдауымен құрылған. Бұл туралы елорда әкімдігі ресми сайты жазды.
-
Түркістанда денсаулық сақтау саласында жемқорлықпен күреске арналған аумақтық жиын өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежанов қызметтік іссапармен Түркістан облысына келді. Жауапты хатшы денсаулық сақтау саласына жауаптыларды жинап, саладағы жемқорлықты жою, оның алдын алуға қатысты отырыс өткізді, деп хабарлады Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
-
Нығматулин Қатардағы Парламентаралық Одақ Ассамблеясының отырысына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 6-9 сәуір аралығында Қатардың астанасы Доха қаласында өтетін Парламентаралық Одақтың 140-шы Ассамблеясына қатысады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Париждік богема» операсының премьерасы «Астана Операда» өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джакомо Пуччинидің ең атақты операларының бірі – «Богема» – 19 және 20 сәуір күндері «Астана Опера» Үлкен залы сахнасында ұсынылмақ. Премьера Жастар жылы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен орын алады. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Түркістан облысында жаңа латын графикасын түсіндіре алатын мамандар оқытылды
Түркістан облысы, BAQ.KZ. Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерінің ғылыми негізін түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор. Бұл туралы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинарында айтылды.
-
Түркістан облысында үш Ситуациялық орталық ашылды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осымен Түркістан облысында үш Ситуациялық орталық ашылды. Мұның алдын Түркістан қаласы мен Шардара ауданында ашылған еді. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бұйрығымен емханалық стационарлық медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын жақсарту мақсатында «Ситуациялық орталық» іске қосылды. Бұл пациенттерге де, дәрігерлерге ыңғайлы құрал.
-
Алматыда дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Алматыда дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мемлекеттік Дума Эстонияны БҰҰ-дан шығаруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік думаның білім және ғылым комитеті жөніндегі төрағасының орынбасары Борис Чернышов БҰҰ бас хатшысы Антон Гутеррешке Эстонияны Бүкіләлемдік ұйымнан шығару туралы өтініш жолдады.
-
«Сергек» жобасы астанада қылмыс деңгейін 24% төмендетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жобаны енгізу қаладағы қауіпсіздікті күшейтуге септігін тигізді. «Сергек» жобасы астанада қылмыс деңгейін 24%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
-
Шымкенттің «Сергектері» айыппұл сала бастады. Қай көшелерде орнатылған?
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, яғни 5 сәуірден Шымкент көшелеріне орнатылған «Сергек» камералары айыппұл тіркеуді бастады. «Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесі» бұған дейін Астанада, сосын Алматыда іске қосылған.
-
Нұр-Сұлтанда республикалық «Жолда қабылдау» акциясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада сағат 09:00-ден бастап мобилді топтар азаматтарды «Жолда қабылдау» деген жазуы бар автобустарда қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
-
Алматылықтар 21 жасқа толмаған жастарға ішімдік сатып алып беруге дайын ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 сәуір, 2019 ж, Алматы, - Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын «Аман-саулық» қоғамдық қоры Алматы қаласында 5 сәуірде әлеуметтік эксперимент жүргізді. Эксперименттің мақсаты – алматылықтар жастардың алкогольді сатып алу туралы өтінішін қалай қабылдайтындықтарын білу болды. Бұл туралы қоғамдық қордың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ғалымдар бірегей экологиялық жобаны қолға алды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары бірегей экологиялық жобаны қолға алды.
-
Нұр-Сұлтандық бүлдіршіндер «Күлтегін» мультфильмін тегін тамашалайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, мүгедек балаларға қазақ анимациялық кино өнерінің озық туындыларын ұсынуды жалғастыруда.
-
Қазақстан қор биржасында ҚХР юанімен сауда-саттық өткізілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 5 сәуірде Қазақстан қор биржасында ҚХР юанімен сауда-саттық жүргізілмейді. Бұл туралы KASE хабарлады.
-
АҚШ пен Оңтүстік Корея коммерциялық 5G желісін іске қосты
Алматы, BAQ.KZ. Америкалық және кореялық компаниялар коммерциялық 5G желісін бір күнде іске қосты. Бұл туралы «Вести.Экономика» хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда балаларды химиялық күйік шалу оқиғалары көбейіп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық №2 балалар ауруханасында балаларды тұрмыстық химиялық заттардан қорғау тақырыбына арналған брифинг-конференция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Украина жаңа зымыранды сынақтан өткізді
Алматы, BAQ.KZ. Украинаның оңтүстігіндегі Одесса облысында украиналық "Ольха-М" зымыран кешенінің сынағы сәтті өтті. Бұл туралы осы елдің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
«ҚазАгро» холдингіне жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалғыз акционердің бұйрығымен «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы болып Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлы тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ертең елордада №28 көшесімен қатынайтын барлық бағдарлар қозғалысы уақытша шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №28 көше арқылы қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Жол 6 сәуірден жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жабық болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қырғызстанның экс-президенті жауапқа тартылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жогорку кеңеш (Қырғызстан парламенті) экс-президентті жауапқа тартуға мүмкіндік беретін заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады.
-
10 млн теңгенің бекіресі құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теңіз шекарашылары бір тәулікте елімізге 10 млн-нан астам теңгенің шығынын мемлекет қоржынына қайтарды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жауынгерлік жаттығу. «Қаладағы қақтығыс»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында «Елді мекенге шабуылдау кезіндегі батальондық тактикалық топ» тақырыбында жалпыәскери және десанттық-шабуылдау бригадаларының командирлері әдістемелік-нұсқаулық арқылы сабақ өтті.
-
14 жыл бұрын жоғалып кеткен шетелдік Қазақстаннан табылды
Алматы, BAQ.KZ. 2005 жылы ізтүзсіз жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы Түркістан облысы Ордабасы ауданынан табылды. Бұл туралы Timeskz.kz хабарлады.
-
Павлодар облысында балықшылар арасында сақтық шаралары күшейтілді
Павлодар облысы. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің су айдындарында балықшылар арасында сақтық шаралары күшейтілді. Бүгінгі күні өзен-көлдерде мұз жұқарып кеткен, дегенмен, балық аулаудан бас тарта алмай отырғандар жетерлік.
-
Қазақстан-Сингапур дипломатиялық қатынасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 2013 жылы орнады.
-
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
-
5 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Наверх