Кәсіпкерлерден ақша бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

5 Сәуір 2019, 15:16
2714
Бөлісу:
Кәсіпкерлерден ақша бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
PHOTO

Шымкент, BAQ.KZ. ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесінің көмегімен қылмыстық топ мүшелерін ұстады.

«Жергілікті бизнесмендерден тұрақты түрде ірі ақшалай қаражатты қорқытып алумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстадылды» - делінген ҰҚК баспасөз таратқан хабарламада.

Кәсіпкерлерден ақша бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топтың мүшелері бірқатар зорлық-зомбылық, оның ішінде атыс қаруын қолданумен қылмыстар жасады деген күдікке ілінді.

Кәсіпкерлерден ақша бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

Ұйымдасқан қылмыстық топтың негізін бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған деструктивті діни ағымды ұстанушылар құраған.

Банда мүшелерін ұстау олардың кезекті кәсіпкерден күш қолданумен және оның өміріне қауіп төндірумен 10 000 АҚШ долларын бопсалау сәтінде жүзеге асырылды.

Кәсіпкерлерден ақша бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

Бірқатар тінту жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар жасырын орны анықталды. 5 мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Қазіргі уақытта олардың діни себептер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының ықтимал фактілері тексерілуде.
Өзгелердің жаңалығы