Өткен айда МСҚ-ға 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті

5 Сәуір 2019, 16:50
1820
Бөлісу:
Өткен айда МСҚ-ға 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы наурыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 наурызы аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 157,8 млрд теңгені құраған. Естеріңізге сала кетсек, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі 2017 жылдың екінші жартысында іске қосылған болатын.

«Оның 149,1 млрд теңгесі (шамамен 94,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (5,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі», делінген хабарламада.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Өткен айда МСҚ-ға 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті

Өзгелердің жаңалығы