10 млн теңгенің бекіресі құтқарылды

5 Сәуір 2019, 09:49
2820
Бөлісу:
10 млн теңгенің бекіресі құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теңіз шекарашылары бір тәулікте елімізге 10 млн-нан астам теңгенің шығынын мемлекет қоржынына қайтарды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасына қарасты бөлімдердің шекаралық кемелері мен катерлері еліміздің теңіздегі шекарасын күзете жүріп, өткен тәулікте барлық сомасы 10 395 425 теңге болатын қаржыны мемлекет қоржынына қайтарды.

«Шекарашылар аумақтық және ішкі суларда (теңізде) жүру тәртібін бұзған 5 адамды, шекаралық тәртіпті бұзғандығы үшін 1 адамды ұстады. Сонымен қатар, 6 жүзу құралын – 1 мотоцикл, 5 «ямаха» қозғалтқышын қолға түсірді (2-«Байда», 2-«Бударка», 1-катер, 1 резіңке қайық)» - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, 4060 м, 2 қап ау; 2500 м – калада; 1250 дана - ілмекті ау (крючья) жинап алып, жалпы құны 10 100 000 теңгенің (360 кг 900 гр) бекіре тұқымдас балықты; 295 425 теңгенің (60 кг) қымбат бағалы балығын құтқарып қалды.

Қылмыскерлерге 132 562,5 теңге айыппұл салынды. Мемлекетке қайтарылған шығын – 10 395 425 тг.

Өзгелердің жаңалығы