Нұр-Сұлтандық полицейлер үздік команданы анықтады

5 Сәуір 2019, 16:35
2338
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандық полицейлер үздік команданы анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бойында батылдық пен төзімділікті қалыптастыру, демалыс күндерін ұтымды пайдалану мақсатында волейболдан үздіктерді анықтап, алдағы кезеңде болатын жарыстарға құрама команда іріктеу сайысы өтті.

Алатау спорт кешенінде МКҚБ-ның бөліністері арасында өткен волейбол жарысына төрт команда қатысты. 

Басқарма бастығының орынбасары полиция майоры О.Т. Омаров спортшыларға сәттілік тілеп, жарыстың ашық екенін хабарлады.

Спортшыларымыздың ойынын әділ бағалап, жарысқа төрешілік ету үшін ІІО-ның зейнеткері «волейболдан» спорт шеберілігіне үміткер М. Нұрғалиев арнайы шақыртылды.

Аталмыш жарысқа төрт команда (басқарма аппараты, 1-полиция батальоны, 2-полиция батальоны және 3-полиция батальоны) қатысты. 

Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша ІІІ орынды 2-полиция батальоны, ІІ орынды 3-полиция батальоны иеленсе, жүлделі І орынды және Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ бөліністері арасында өтетін волейбол жарыстарының ауыспалы кубогін басқарма аппарат қанжығалады. 

Марапаттау рәсімінде орын алған командалар мен спортшылар Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ бастығының грамотасымен марапатталды. Жарыс соңында үздік ойын көрсеткен спортшылардан алдағы 14-16 сәуір аралығында Ақмола облысы Щучье қаласында волейболдан өтетін республикалық Спартакиадаға қатысатын құрама команда іріктеп алынды.

Өзгелердің жаңалығы