Нұр-Сұлтанда республикалық «Жолда қабылдау» акциясы басталды

5 Сәуір 2019, 12:10
2416
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда республикалық «Жолда қабылдау» акциясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада сағат 09:00-ден бастап мобилді топтар азаматтарды «Жолда қабылдау» деген жазуы бар автобустарда қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланысты орнату үшін барлық өңірлерде 5-6 сәуір күндері «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өткізілуде.

Полиция департаменттерінің, әкімшілік, жергілікті және көші-қон қызметінің басшылары азаматтарды мобильді қабылдау өткізеді. Сонымен қатар жедел телефон желісі жұмыс істейді, онда жол қауіпсіздігі саласы бойынша сұрақтар қоя алады, өздерінің өтініштерін өңірлік полиция департаменттерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына (Фейсбук, Инстаграм) жолдай алады.

Азаматтар  көп шоғырланған жерлерде арнайы жабдықталған автобустарда полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты мәселелерді шешуге болады, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар, полиция көрсететін мемлекеттік қызметтер және ішкі істер органдарын цифрландыру мүмкіндіктері туралы біле алады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы мобильді топтар азаматтарға жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жеке куәлікті алу, төл-құжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату сұрақтары бойынша кеңестер беруде.

Акция «Алма» сауда үйі ауданы (Республика даңғылы, 45),  «Mega Silk Way» сауда-ойын сауық кешені (Қабанбай батыр даңғылы, 62),  «Astana Mall» сауда-ойын сауық кешені (Тәуелсіздік даңғылы, 34), «Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы»  ауданы (20-40 көшесі), Орталық сауда кешені (Алаш тас жолы) және Алматы ауданының мемлекеттік кірістер бойынша басқармасының ауданы (Жұбанов көшесі мен Абай даңғылы, 78 қиылысы) сияқты қаланың 6 аумағында өткізіліп жатыр.  

Республика бойынша барлығы 250 мобильді қабылдау пунктері жұмыс істейді. Тұрғындарға қолайлы болу үшін ол жерлерде тіркеу-емтихан қабылдау, жол-техникалық қадағалау және әкімшілік практика  бөліністерінің бастықтары жұмыс істейді.

«Жолда қабылдау» акциясының өту орны мен азаматтарды қабылдаудың мобильді пунктерінің орналасқан жерін ІІМ-нің порталындағы  http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD/Reception_on_the_road сілтемесі арқылы, сондай-ақ полиция департаментерінің кіші порталдарынан және әлеуметтік желілердегі ішкі істер органдарының парақшаларынан білуге болады.

Жедел телефон желісі

Өңір

Телефон нөмірі

Нұр-Сұлтан қаласы

95 44 98,76 83 65, 8 707 024 47 11

Алматы қаласы

254 43 32

Шымкент қаласы

97 66 93

Ақмола облысы

72 20 43, 91 17 96, 91 17 99

Ақтөбе облысы

93 60 88

Алматы облысы

8 775 184 36 75 (только WhatsApp)

Атырау облысы

8 702 730 32 03 (только WhatsApp)

ШҚО

77 46 85

Жамбыл облысы

43 14 03

БҚО

98 40 18, 8 776 932 06 55

Қарағанды облысы

8 775 617 96 18

Қостанай облысы

52 57 58

Қызылорда облысы

30 38 33, 30 15 77, 30 41 51

Маңғыстау облысы

47 47 04, 47 47 17, 47 47 16

Павлодар облысы

37 77 53

СҚО

8 777 642 32 97 (WhatsApp арқылы)

Түркістан облысы

35 98 92


Өзгелердің жаңалығы