Все новости за 28 ақпан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Түркістандағы барлық емханада көпбалалы аналар үшін "ашық есік" күндері өтуде
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысының барлық аудандық емханасында көпбалалы аналарға арналған «Ашық есік» күндері өтуде. Аталған шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынды.
-
Сенатор: Елбасы алдағы 10 жылда ел дамуының негізгі бағытын белгіледі
Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық пен мемлекеттік биліктің тұтастығы мен кепілі ретінде Конституцияның, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының негізін құрайтын қағидалардың мызғымастығын кезекті мәрте дәлелдеді.
-
Астанадағы екі көшеде автобус қозғалысына шектеу қойылады
Астана, BAQ.KZ. Қ. Сәтбаев және Балқантау көшелерінің қиылысында қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы жөндеу жұмыстарына байланысты өзгереді, деп хабарлады «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі.
-
Еділ Мамытбеков: Әлеуметтік сала – басты назарда
Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының мерейтойлық XVIII съезінде партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Осыған орай Сенат депутаты Еділ Мамытбеков партияның алға қойған бағдарламалық мақсаттарына тоқталды.
-
Астанада халықаралық деңгейдегі «SABIS» мектебі ашылады
Астана, BAQ.KZ. Астана білім саласында инвестициялық жобаға қол қойылған қазақстандық алғашқы қала болды. Бизнесмендер жобаны 100% қаржыландыруға қамтамасыз етеді, ал қалалық билік құрылыс салу үшін жер учаскесін заттай грант түрінде ұсынады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Алғыс айту күнін өскемендіктер қалай қарсы алмақ?
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. 1 наурыз – Алғыс айту күнін Өскемендіктер биыл ерекше қалыпта қарсы алады. Бұл күні облыс орталығындағы Достық үйінде Семей және Өскемен қалаларының Өлкетану мұражайлары түрлі қолөнер бұйымдарының көрмесін өткізіп, ұлтаралық келісім саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар өңір азаматтары облыс әкімінің қолынан Қазақстан халқы Ассамблеясының алтын төсбелгісін алмақ.
-
Ауылдағы инфрақұрылымды дамыту маңызды – сенатор
Астана, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев съезде әлеуметтік саланы дамытуға, көпбалалы аналарды қолдауға, ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға арналған ауқымды бағдарламалық доктринамен таныстырды.
-
Сұлтанов: Аз қамтылған отбасылар үшін бюджеттен 3 млрд теңге бөлінеді
Астана, BAQ.KZ. Астанада әлеуметтік салаға осы жылы 150 млрд теңге бөлінді. Бұл бюджет көлемінің 35%-ын құрайды.
-
Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей, жеке тұлғаларға пәтерін жалға беруге болады ма?
Астана, BAQ.KZ. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жұмысшылар еңбегін тұрақты түрде қолданбайтын жеке тұлғалар, мүліктік табыс алған жағдайда дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.
-
Фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлер БЖЗҚ-ға қаражат сала бастады
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 253,4 мың салымшыдан, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 768,6 мың жарна келіп түсті. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Zhas project» жобасының жеңімпазына 1 млн теңге беріледі
Астана, BAQ.KZ. Атырау облысында «Zhas project» жастар жобаларының жүлдегерлері бизнесті дамытуға 1 млн теңге алады.
-
Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы алаяқтық анықталды
Астана, BAQ.KZ. Еліміздегі кейбір Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде делдалдық фактісі орын алған.
-
Түймебаев енді ҚХА төрағасының орынбасары қызметін атқарады
Астана, BAQ.KZ. ҚР Президентінің Өкімімен Түркістан облысының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Данияр Ақышев Президент кеңесшісі болып тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Ұлттық Банкінің бұрынғы төрағасы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Министр: Толық емес отбасыларға үйде жұмыс істеуге жағдай жасау керек
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жайында кешегі съезде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан еді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында осы мәселені көтерді.
-
Тараздағы жарылыс болған үй қайта жөнделеді
Астана, BAQ.KZ. Тараз қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйде орын алған жарылысқа орай құрылған облыстық штабтың шұғыл отырысы өтіп, оған облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысты, деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Литваның экс-министрі Астана медицина университетін басқарады
Астана, BAQ.KZ. Бүгін бірінші рет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Астана медицина университеті» КЕАҚ ректоры қызметіне үміткерді таңдау бойынша жұмыс комиссиясысының отырысын Facebook парақшасында тікелей эфирден көрсетті.
-
Әли Балоевтың әлемдік рейтингтегі орны айтарлықтай жоғарылады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық боксшы Әли Балоевтың BoxRec әлемдік рейтингіндегі орны 151-сатыға көтерілді. Қазір ол крузервейтте 101-орында тұр.
-
Сапарбаев мүгедек балалары бар отбасылардың жәрдемақысы қаншаға өсетінін айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында осындай мәлімет берді.
-
Атырауда әйелдерді жаңа мамандыққа оқыту басталды
Атырау облысы, BAQ.KZ. Көп балалы, жалғызбасты және әлеуметтік әлсіз топтағы аналарды қолдаудың жаңа бағыты бойынша 300 адамды қамту жоспарланған.
-
Сәпиев допинг дауына іліккен шаңғышыға қатысты пікір білдірді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Алексей Полторанинге қатысты дау бойынша түсініктеме берді.
-
Аз қамтылған отбасының балаларына жәрдемақы 23 жасқа дейін төленеді – министр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жайлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында айтты.
-
Ресейде қазақстандық ірімшік қауіпті деп танылды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық ірімшіктің ірі партиясы Ресейде әлеуетті қауіпті деп танылды. Бұл жөнінде ҚазТАГ порталы хабарлады.
-
ҚР СІМ: Каир вокзалындағы өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ
Астана, BAQ.KZ. Күні кеше Египет астанасының вокзалында ірі өрт болды.
-
Биыл 830 мың адам атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылады - Сапарбаев
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жайлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында айтты.
-
Украина Айды зерттеуге қызығушылық танытып отыр
Алматы, BAQ.KZ. НАСА Айды зерттеу саласына украиналық кәсіпорындарды тартуға ниетті. Бұл жөнінде Украинаның АҚШ-ғы елшісі мәлімдеді.
-
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 5 644 өтініш мақұлданды
Астана, BAQ.KZ. «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 28 ақпандағы мәлімет бойынша 110,2 млрд теңге сомасына 9 652 өтініш қабылданды, деп мәлімдеді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
-
Трамп пен Ким Чен Ын келісімге келе алмады
Астана, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Корей халықтық демократиялық республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын келісіміге келе алмады. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлайды.
-
Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың ақпан айында қаңтар айымен салыстырғанда тары 5,3%, ұн – 3,2%, макарон мен күріш – 1,7% қымбаттады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.
-
Елордалық студенттер сұранысқа ие мамандықтарға оқытылуда
Астана, BAQ.KZ. Халықты жұмыспен қамту орталығы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті техникалық факультетінің түлектерін жұмысқа орналастыру жәрмеңкесіне қатысып, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Отбасылық сүт фермаларын қаржыландыру сомасы артты
Алматы, BAQ.KZ. «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүтті мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары 155 млн теңгеге дейін қарыз ала алады. Бұл туралы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрайымын қабылдады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Тараздағы жарылыс құрбандарының отбасына 1 млн теңгеден берілді
Астана,BAQ.KZ. Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы көпқабатты үйде орын алған жарылыстан қайтыс болған Бексұлтан Темірханұлының отбасына арнайы барып көңіл айтты.
-
Ақтөбеде әлеуметтік дәріханалар салынады
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында әлеуметтік дәріханалар салынады. Бұл дәріханаларда баға 10-15 пайызға арзан болады, деп жазады Aktobenews.kz.
-
Моңғолия астанасында наурыз тойлау басталып кетті
Астана, BAQ.KZ. Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында наурыз мерекесін тойлау басталып кетті. Әсіресе Моңғолияның Ұлттық телеарнасы бүгін мерекеге орай арнайы бағдарлама түсіріп, наурыз көжеден дәм татты.
-
Павлодарда нанның орташа бағасы 75 теңгені құрайды
Астана, BAQ.KZ. Павлодарлық «Inmart», «Small» және «Greenwich» супермаркеттеріндегі нанның бағасы бөлкесіне 57 теңгеден аспайды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде хабарлады.
-
Астанада су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде
Астана, BAQ.KZ. Қала әкімдігі 2019 жылы Астана аумағында тасқын суды ұйымдасқан түрде өткізу бойынша кешенді жоспарды бекітті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Білім беру депозитінің 15 мыңнан астам салымшысы мемлекеттік сыйақы алды
Астана, BAQ.KZ. Мемлекеттің жыл сайынғы ақшалай сыйақы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшыларына берілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр президентіне көңіл айтты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін сот орындаушылары алимент төлеуден жалтарып жүрген екі азаматтың көлігін тәркілеп, Әділет департаментінің тұрағына қойды.
-
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында оқу-жаттығулар өтеді
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылғы 28 ақпан сағат 14:30-да елорда әуежайында өрт сөндіру бойынша жоспарлы "Адамдар жаппай тұратын ғимараттарда өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын жүргізу" тақырыбында оқу-жаттығулары өтеді.
-
Өскеменде «Шетелдегі қазақтар» кітаптар сериясының көрмесі ашылды
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бастамасымен жарық көрген «Шетелдегі қазақтар» кітаптар сериясының көрмесі ашылды.
-
Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің отызыншы орталығы
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Ресейдегі Алтай Республикасының Горно-Алтайск қаласындағы М.В.Шевалков атындағы Ұлттық кітапханада Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды. Бұл осымен отызыншы орталық болып отыр.
-
ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіске байланысты мәлімдеме жасады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қызылордада медициналық анықтамалардың үштен бірі жалған болып шықты
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында мамандар зерттеп-зерделеу барысында №086 медициналық анықтамалардың үштен бірі жалған екенін анықтаған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов мәлімдеді.
-
МӘМС-тің тиімділігі, артықшылығы мен өзгерістері
Астана, BAQ.KZ. Жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің, бір сөзбен айтқанда тұрғындардың басым бөлігі «Медициналық сақтандыру жүйесі не үшін енгізіледі?», «Қаншалықты тиімді?», «Қазіргі медициналық қызмет жүйесінен қандай артықшылығы бар?», «Қандай өзгерістер болады?» деген сауалдарды жиі қояды.
-
Алматы облысында жыл басынан бері жүргізушілерге 34 млн теңгеден астам айыппұл салынған
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзып, салынған айыппұлды төлеуден жалтарған жүргізушілерді анықтау іс-шарасын ұйымдастырды.
-
БАҚ: Алексей Полтаранин допингке байланысты қамауға алынды
Астана, BAQ.KZ. Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полтаранинді австриялық полицейлер антидопингтік ережені бұзды деген айыппен қамауға алды. Бұл туралы Vesti.kz порталы SSS.fi басылымына сілтеме жасап хабарлады.
-
Өскеменде ит тұқымдарының көрмеcі өтті
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Өскеменде барлық ит тұқымы түрлерінің ұлттық көрмесі (САС) өткізілді. Қазақстан кинологтарының облыстық бөлімшесі ұйымдастырған шараға Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген бас-аяғы 119 ит қатысты. Ал Алматы қаласынан арнайы шақыртылған сарапшы төрт аяқты достың тұрқына, түгінің қалыңдығы мен сапасына, тіпті тісінің түсіне дейін жіті қарап, баға берді.
-
Қазақстанда ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарға қайта конкурс жарияланды
Астана, BAQ.KZ. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттарға қайта конкурс жарияланғандығын хабарлады.
-
Қызылордалық тұрғын тері илеу әдісін меңгерген
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Аранды ауылының тұрғыны Қажығали Сырғалиев тері илеу әдісін меңгерген.
-
ҰҚК. Заңсыз валюта. «Запчасқа» мініп келіпті
Астана, BAQ.KZ. Еліміздің «Алматы» шекаралық бақылау отряды мен «Семей» шекаралық тексеру пункіті Қазақстан шекарасын заңсыз бұзбақ болған азаматтарды ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Яссауи кесенесіне кірпіш күйдірген пештің орны табылды
Түркістан, BAQ.KZ. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің археологиялық тобы Түркістан қаласы аумағындағы Қарашық өзенінің бойында XIV ғасырдың балшықтан жасаған кірпіштерді күйдіретін пештің орнын және антикалық дәуірге жататын Қарашық-1 қалашығынан түсті металл балқытатын пеш орнын анықтады.
-
Тоқаев: Жаңа Әлеуметтік доктрина заң жүзінде қамтамасыз етілетін болады
Астана, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер әлеуметтік желісінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының XVIII съезінің тарихи шешімдерінен туындаған міндеттер туралы пікірін білдірді.
-
Жәрдемақының өсуі аналарды қуанышқа бөледі
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған үш мыңнан астам отбасы бар. Олардың 700-і мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек ретінде жәрдемақы алуда.
-
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. 28 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп болжайды синоптиктер.
Наверх