ҰҚК. Заңсыз валюта. «Запчасқа» мініп келіпті

28 Ақпан 2019, 09:18
1810
Бөлісу:
ҰҚК. Заңсыз валюта. «Запчасқа» мініп келіпті

Астана, BAQ.KZ. Еліміздің «Алматы» шекаралық бақылау отряды мен «Семей» шекаралық тексеру пункіті Қазақстан шекарасын заңсыз бұзбақ болған азаматтарды ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекарашылары кеше кешкілік «Алматы-Үрімжі» бағытымен ұшқалы тұрған СZ-6012 әуе рейсін ресімдеу барысында 29 жастағы қазақстандықты ұстады. Ол өзімен бірге декларацияланбаған 10085 АҚШ долларын, 1000 қытай юанін және 40000 теңгені заңсыз алып өтпек болған» - делінген хабарламада.

 Азаматтан табылған ақша актіленіп «Жетісу» кеден бекетіне тапсырылды.

Сондай-ақ, «Семей» шекаралық тексеру пункітінің «Үбе-авто» бөлімшесінде шекара наряды 23 жастағы қазақстандықты ұстады. 

"Оның мініп келе жатқан «Тойота Альфард» автомашинасының техникалық паспорты жоқ, оның орнында бұл көліктің қосалқы бөлшектер екендігін растайтын тауарлық-көліктік жөнелтпе қағаз ғана болып шықты. Бұл іспен қазір Шемонайха аудандық ішкі істер бөлімі айналысуда" - дейді шекарашылар.

Өзгелердің жаңалығы