Елордалық студенттер сұранысқа ие мамандықтарға оқытылуда

28 Ақпан 2019, 14:47
1599
Бөлісу:
Елордалық студенттер сұранысқа ие мамандықтарға оқытылуда

Астана, BAQ.KZ. Халықты жұмыспен қамту орталығы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті техникалық факультетінің түлектерін жұмысқа орналастыру жәрмеңкесіне қатысып, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жыл сайын нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жастар практикасын ұйымдастырады.

«Жастар практикасы – жастарға өз мамандығы бойынша алғашқы тәжірибе жинақтаудың жолы. Практикаға жолданған кезде олар жұмыссыз болып тіркелуі тиіс. Бағдарламаға оқуын кемінде 3 жыл бұрын тәмамдаған жасы 29 аспаған жастар қатыса алады. Жастар практикасында 81 345 теңге көлемінде еңбекақы төлеу қарастырылған. Барлық аударымдар мен салықтарды ескере отырып, маман қолына 70 139 теңге алады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды», – деп мәлімдеді Жұмыспен қамту орталығында.  

Практикадан өткен уақыт еңбек кітапшасына жазылады, егер жұмыс берушінің талабына сай келіп жатса, жас маман тұрақты жұмысқа алынады.  

Жұмыспен қамту орталығы Жастар жылында жас мамандарды көптеп жұмысқа орналастыруды көздеп отыр. Осы жылы ЖОО-ны мен колледждің 1 мың түлегіне жастар практикасын ұйымдастыру көзделген.

Өзгелердің жаңалығы