Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр президентіне көңіл айтты

28 Ақпан 2019, 12:27
2431
Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр президентіне көңіл айтты

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Каир қаласының теміржол вокзалындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Каир қаласының орталығындағы Рамсис станциясына кіре берісте пойыз өртеніп, 24 адам көз жұмды.
Өзгелердің жаңалығы