Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленді

28 Ақпан 2019, 12:22
2061
Бөлісу:
Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленді
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін сот орындаушылары алимент төлеуден жалтарып жүрген екі азаматтың көлігін тәркілеп, Әділет департаментінің тұрағына қойды.

Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленді

Алимент төлемегендердің бірі Түнекбаев есімді азамат, ол 2016 жылдан бері еш төлем жасамағандықтан берешегі 1 млн 400 мың теңгеге жеткен.

Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленді

Бұған дейін оған жеке көлігін сот орындаушыға әкеп тапсыру талабы қойылған. Енді тұраққа қойылған көлігі электрондық сатылымға шығарылып, содан түскен қаражатпен берешегі өтелмек.

Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленді

«Түнекбаев алимент төлеу қажеттігін біле тұра, еш қимылдамаған. Оның тәркіленген автокөлігі сатылымға шығарылады. Алдымен бағалаушы компаниялар көлікті бағалайды және сол бойынша сатылады. Егер бұл қаражат берешегін толықтай жаппаса ҚР Әкімшілік кодексі бойынша айыпқа тартылады, егер одан түк шықпаса ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады», - деді Әділет департаментінің Бостандық ауданы бойынша бөлім басшысы Абзал Әділов.

Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленді

Рустем есімді тағы бір борышкердің көлігі де бүгін Әділет департаментінің тұрағына қойылды. Оның берешегі 900 мың теңгеден асыпты. Алайда сот орындаушылары оған сәуір айына дейін берешегін бөліп төлеуге рұқсат берді, яғни төлем жасайтын болса, көлігі кері қайтарылады.

Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленді

«Менің 14 жасар қызым бар. Соңғы уақытта жұмыссыз қалғандықтан еш төлем жасай алмадым. Алайда қызымның мектебіне қажетті құралдарды алып беріп, материалдық көмек көрсетіп отырдым», - дейді Рустем.

Әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Рахым Орынбаевтың айтуынша, жыл басынан бері Алматыда сегіз борышкердің көлігі тәркіленіпті.

Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленді

«Жалпы Алматыда 8 мыңнан аса алимент төлейтін азамат бар. Қазір алимент өндіру ісімен көбінде жеке сот орындаушылары айналысуда, оларда алимент төлемей жүрген 581 борышкер бар. Ал мемлекеттік сот орындаушыларымен 257 борышкердің ісі қаралуда. Проблемалық борышкерлер саны аз, көбісінің жалақысынан ұсталып немесе өз еркімен төлеуде. Алимент төлеуден қашып жүргендер болса, олардың дүние-мүлкі тәркіленіп, сатылымға шығарылады. Үйінде не бар, бәрі тәркіленеді, тіптен теледидарға дейін», - деп түйіндеді ол.

Әділет МҰСАХАЕВ, Фото: автордікі

Өзгелердің жаңалығы