Все новости за 3 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жамбыл облысында 60 пәтер пайдалануға берілді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласындағы «Бәйтерек» шағын ауданында 60 пәтерден тұратын жалдық негіздегі тұрғын үй мұқтаж азаматтардың игілігіне берілді.
-
Елорданың кей көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейімбет Майлин көшесінің бір бөлігіндегі қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Мәжілісмендер Маңғыстау облысында энергия саласын дамытуды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Маңғыстау өңіріне келіп, бірқатар нысандарды аралады. Халық қалаулылары алдымен "МАЭК-Қазатомпром" жұмысшыларымен кездесті.
-
Белгілі кардиохирург Юрий Пя 19 жастағы қызға ерекше тәсілмен ота жасады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін қазақстандық танымал дәрігер, кардиохирург Юрий Пя Шымкентте жүрек ақауына шалдыққан азаматтарға жаңа тәсіл арқылы күрделі ота жасады.
-
Қызылжарлықтар ҚХА XXVII сессиясын түйіндеді
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі. «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік пен жаңғыру» тақырыбында өткен алқалы жиынға республиканың барлық облыстарынан арнайы делегация барды.
-
Атырауда Елбасы Жолдауы жүйелі жүзеге асуда
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдаудын насихаттау мен түсіндіру мақсатында ақпараттық топ мүшелері студенттермен кездесті.
-
Тауда жоғалған қызды құтқару жұмысы сәтті аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
ҮЕҰ: Мемлекеттен қолдау керек
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде 620-дан астам коммерциялық емес ұйым тіркелген. 345 қоғамдық бірлестік бар. Дені – облыс орталығында орналасқан. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.
-
Түркістан облысында қасиетті айда мұқтаж жандар қолдаусыз қалмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде қасиетті Рамазан айына қатысты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарладыТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Жастар жылы: Көркемсөз оқу шеберлері сайысының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында елордада «Көркемсөз оқу шеберлерінің» байқауы өтті.
-
Қасымхан Төлендиев: Шекарамызды дау-дамайсыз шегендеген
Тараз қаласы, BAQ.kz тілшісі. Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрұлтан Назарбаевтың егемен еліміздің іргесін қалаудағы еңбегі орасан. Ол тәуелсіз мемлекеттің экономикасын нарықтық тоқыраудан аман алып шығып, дамыған мемлекеттердің қатарына қосты. Халықтың тұрмыс-тіршілігін түзеп, әл-ауқатын арттырды. Азаттық жылдарында мемлекетіміздің ІЖӨ еселеп өсіп, барлық саланың тамырына қан жүгірді.
-
Елордалықтар мен қала қонақтары тегін экскурсияға қатыса алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отан қорғаушылар және Жеңіс күнін мерекелеу барысында 7 және 9 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен сол жақ жағалауға тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады, деп xабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Атырау облысы республика бойынша шетел инвесторларын тартуда көш бастап тұр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитеті мүшелері Атырауға іссапармен барды. Атырау облысы республика бойынша шетел инвесторларын тартуда көш бастап тұр.
-
Елордада алтыншы веломаусым басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық веложарыс жүйесінде қосымша тарифтік жоспарлар іске қосылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Мұрат Нұрғабылов: Қол жинауға ешқандай кедергі болған жоқ
Жамбыл облысы, BAQ.kz тілшісі. "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Төлеутай Сатайұлы Рақымбековті ұсынғаны белгілі. Үміткер өткен айдың соңында мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін емтихан тапсырып, сыннан сүрінбей өтті.
-
"Fly Arystan" Алматы мен Тараз аралығына алғашқы ұшу сапарын сәтті аяқтады
Тараз қаласы, BAQ.KZ тілшісі. «Эйр Астана» әуе компаниясы «Fly Arystan» лоукастерінің Алматы мен Тараз аралығына алғашқы ұшу сапарын сәтті аяқтады. Алматыдан келген ұшақ көне шаһардың «Әулиеата» әуежайына қонды. Бұл тарихи сәтке қала жұртшылығы куә болды.
-
Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерінің қуатын көрсеттіңіздер – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына барды. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.
-
Ақтөбе облысындағы мемлекеттік архив кең ғимаратқа зәру
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбедегі мыңнан астам мәдениет және өнер саласының қызметкері "Рухани қазына-2019" облыстық форумына қатысты. Аймақта былтыр 4 ауылда мәдениет клубы ашылып, осы саланың 15 қызметкері баспаналы болды.
-
«Jas Otan» жастар қанатының төрағасы сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.
-
Шығыс Қазақстанда екпеден бас тартатындар саны мардымсыз
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 20 жылда елімізде қызылша 3 мың есеге, паротит – 140 есеге азайып, бірнеше дерттің түп-тамырына балта шабылған.
-
Ақмолалықтарға 4,5 млн қызмет түрі көрсетілді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарында соңғы үш жылда өңір тұрғындарына 4,5 миллионнан аса мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен брифинг барысында айтылды.
-
Елордада ілеспе аударманың шеберлік сағаттары өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шеберлік кластары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында өткізіледі.
-
Қазақстан Түркияға әскери өнімдерді экспорттайтын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Республикасының Стамбул қаласында өткен қорғаныс саласының «International Defense Industry Fair 2019» 14-ші халықаралық көрмесінің нәтижесінде қазақстандық делегация осындай келісімге қол жеткізді. Бұл туралы ҚР ЦДҚАӨМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Тек төлқұжат өткіздім – көмек алған 4 балалы ана
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық 4 баласы бар Айгүл Әбжалиева ай сайын 97 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алып отыр.
-
"Заңсыз зейнетақы рәсімдеді" деген шенеунік күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында аймақтағы тұрғындарға заңсыз зейнетақы рәсімдеу арқылы 36 млн теңгені ұрлаған шенеунік күдікке ілінді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков айтты.
-
Сәдібек Түгел қол жинау туралы: "Үлгермейміз бе деп ойладық"
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Президенттікке кандидат Сәдібек Түгел қол жинау процесінің қалай жүргізілгенін айтып, әсерімен бөлісті.
-
БЖТ-ны SMS арқылы төлеуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық пошта операторы Wooppay-мен бірлесе SMS арқылы Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуге мүмкіндікті іске асырды.
-
Депутат 76 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының депутаты ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінді.
-
ТҮҚЖБ әскерилер үшін жаңартылған бағдарламаны іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік орган қызметкерлеріне Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) арқылы баспана сатып алу үшін конкурсқа қатысып, оның қорытындысын күтудің керегі жоқ, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
-
ЖӘРДЕМАҚЫ - 2019: Мамыр бюллетені /инфографика/
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша ағымдағы ахуал
-
Мәжіліс депутаттары жастар кеңесінің отырысына қатысты
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыс сапарымен Тобыл өңіріне табан тіреген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қостанай облысы кәсіподақ ұйымдарының жұмысшы жастар жөніндегі кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.
-
Президент сайлауы – 2019: Сәдібек Түгел кандидат ретінде тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов 22 сәуірде «Ұлы дала қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Сәдібек Түгелді тіркеді.
-
Бақыт Сұлтанов Алматы ауданындағы көпбалалы аналардың сұрақтарына жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы ауданының көпбалалы аналарымен кездесті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанда электоралдық мәдениет төмен – аға оқытушы
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде биылғы "Электоралдық кампанияның ерекшеліктері" туралы бүгін сарапшылар айтты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткен шараға профессор Амангелді Айталы, отандық сарапшылар Марат Шибұтов, Ерлан Саиров пен Андрей Чеботарев, облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.
-
Шәмшидинова жазғы демалыста балалар қауіпсіздігін арттыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ХХІV отырысы өтті.
-
Қарағанды облысында тегін әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Ақсу-аюлы елді мекенінде көмекке мұқтаж жандарға арналған тегін дүкен ашылған. Дүкен бүгінде отыздан аса отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіп отыр.
-
Ақмолада туристік полицейлер жұмысқа кірісті
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында елімізге келген шетелдіктердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған туристік полиция бөлімшелері өз жұмысын бастады.
-
Мәскеуде мерт болған Томирис Байсафаның анасы қызына арнау жазды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқып жүргенде, төртінші қабаттан құлап, қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова Instagram-дағы парақшасында қызына жүректебірентер арнау жазды.
-
Nur Otan еліміздегі әрбір мектепте IT-сыныптар ашуға мүмкіндік жасап отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары ұстаздармен бірге Nur Otan партиясы бағдарламасының екінші мақсатының жүзеге асырылуын талқылады.
-
СҚО-да 1700 орындық 4 студенттiк жатақхана салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстiк Қазақстан облысында жатақханаларда студенттерге орын жетiспеушiлiк мәселесi бiртiндеп шешiлiп келедi. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.
-
Уәлихан Қалижан Назарбаевқа Әдебиет институтының жұмыстары жөнінде мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті академик Уәлихан Қалижанды қабылдады.
-
Қазақ күресінен Еуропа чемпионатының «тұмары» бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Qazaq quresi федерациясы ұжымы қазақ күресінен Еуропа чемпионатының «тұмарын» бекітті. Ол – гном ескерткіші, деп хабарлады Халықаралық Qazaq quresi федерациясының баспасөз орталығы.
-
Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Тоқаев «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығуына жоғары баға берді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әскеріміз заманауи қару-жарақтармен жабдықталған және аса күрделі міндеттерді орындауға әрқашан дайын. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери жаттығу барысында айтты.
-
Зарина Диас Жапониядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Гифу қаласында өтіп жатқан Kangaroo Cup International Ladies Open Tennis 2019 турнирінің жартылай финалына шықты.
-
«Қостанай-Рудный» жол учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орташа жол жөндеу жұмыстары ұзындығы 28 шақырым болатын «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 515-543,5 км учаскесінде жүргізіледі.
-
QAZAQ AIR әуе компаниясы шекаралық аймақтарға ұшады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. QAZAQ AIR әуе компаниясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке жаңа Bombardier Q400 NextGen жаңа лайнерін таныстырды. Бұл туралы мекеменің Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті мәлім етті.
-
Нұр-Сұлтанда ауа райы 22 градусқа дейін жылынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы демалыс күндері елордада күн жылынады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Адамдар саяси ұстанымын білдіруге құқылы, бірақ заңды сақтау керек – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы төрағасынының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да қалаларда өткен митингілер туралы пікір білдірді.
-
"Айбалта-2019" жаттығуында бірегей госпиталь құрылды – полковник Тимур Ошақбаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Көктал әскери полигонында өтіп жатқан «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығуына далалық жағдайға қажетті мобильді әскери госпиталь құрылды. Бұл туралы Бас әскери медициналық басқарманың басшысы, медициналық қызмет бойынша полковник Тимур Ошақбаев жаттығу барысында айтты.
-
Әзірбайжандағы турнирде боксшыларымыз 5 медаль алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжанда бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. «Президент Гейдар Әлиев кубогі» жолындағы бәсекеге Қазақстан атынан он боксшы қатысқан, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Елорда оқушыларына жол ережелері түсіндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі мен Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы, қаладағы жалпы білім беретін мектептер арасында қозғалыстың жас инспекторларының аудандық слетін өткізді.
-
Әшімбаев сайлау науқанында Тоқаевтың президенттік өкілеттігі тоқтамайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтатпайды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.
-
Алматы облысында "Айбалта-2019" әскери оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысындағы Көктал әскери полигонында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
-
Садақ атудан Әлем кубогіне қатысатын мергендер белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-13 мамыр аралығында садақ атудан Қытайдың Шанзай қаласында әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Әшімбаев Тоқаевты қолдау флешмобы туралы: Партия тарапынан тапсырма болған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев желіде тараған Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау флешмобы туралы пікір білдірді.
-
Алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ 4-6 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанға жылжыған антициклон республиканың көптеген облысында жауын-шашын мен күннің сууын тоқтатты.
-
Президент сайлауы – 2019: Тоқаевтың штабын Әшімбаев басқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы ресми тіркеген президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы құрылып, оны Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев басқарады.
-
FlyArystanның алғашқы ұшуларының нәтижелері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұшулардың алғашқы күндерінде FlyArystan 2000-нан астам жолаушыны тасымалдады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
-
Жамбыл облысында жыл соңына дейін 1000-нан аса отбасы баспаналы болады
Жамбыл облысында, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес әлеуметтік бастамасын жария еткені есімізде.
-
Тоқаев 300 мың қол жинап, президенттікке кандидат ретінде тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық құжатын тіркеп, оның сенімді өкілі Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа куәлік берілді.
-
Шекара бұзған екеу. Әйелі - Қырғызстанда, өзі - Қазақстанда қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордай шекара отрядына қарасты «Қарасай батыр» заставасының аумағында Қырғыз Республикасынан Қазақстанға қарай Мемлекеттік шекараны бұзып өткен азамат ұсталды.
-
"Мұзбалақ" мультфильмін чех балалары көреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Режиссер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының "Мұзбалақ" атты толықметражды анимациялық фильмі, Чехияның Злин қаласында өтетін 59-шы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер ХКФ "Панорама" атты конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіледі.
-
Шымкентте 5 жасар баланы өз ауласында қағып өлтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйел адам басқарып отырған автокөлік баланы басып кеткен. Куәгерлер баланы құтқарып қалмақшы болған, дегенмен қатты соққы алған бүлдіршін аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұл туралы Otyrar.kz жазды.
-
Андрей Скабелка: Голдарды дер кезінде соққандықтан жеңіске жеттік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Хоккейден елімізде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бас бапкер Андрей Скабелка ойыншыларының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланғанына көңілі толады.
-
Сот қызметкерлері латын графикасымен диктант жазды
Қызылорда, BAQ.KZ. Қызылорда қаласының №2 сотындада латын графикасын оқып үйрену үшін іс-шаралар жасалуда. Оның бірі – латын әліпбиімен диктант жазу болды.
-
Павлодарда өкпе обырын ерте анықтаудың пилоттық жобасы іске қосылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде Ресей, Белорусь, Латвия елдері және отандық онкологтардың қатысуымен өкпе обырын диагностикалау, емдеу мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті.
-
ҚХА мүшелері сессия тақырыбын талқылады
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII кезекті сессиясына Тобыл-Торғай өңірінен 39 адам қатысып келді. Қостанайлық делегаттар Қоғамдық келісім үйінде өткен дөңгелек үстелде аталмыш жиынның мәні мен маңызын талқылады.
-
Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға 3 млрд теңге бөлінді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмолада «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға 3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ауыл кәсіпкерлігін дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында мәлім болды.
-
Елге деген құрмет әр ісімізден көрініп тұруы керек – Холметов
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Бізді біріктіріп отырған елге деген құрмет әр ісімізден көрінуі керек», - дейді «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Эргашвой Холметов.
-
3 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын-шашын сақталады.
Наверх