БЖТ-ны SMS арқылы төлеуге болады

3 Мамыр 2019, 17:24
2929
Бөлісу:
БЖТ-ны SMS арқылы төлеуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық пошта операторы Wooppay-мен бірлесе SMS арқылы Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуге мүмкіндікті іске асырды. 

Ұлттық компаниялардың электрондық ақша жүйесімен стратегиялық әріптестігі жақын арада SMS арқылы интернет-дүкендердің салықтарын және тауарларын төлеуді бастауға мүмкіндік береді.

«БЖТ төлемі әлдеқайда оңай және қолжетімді болды. Ұялы телефон арқылы төлемдерді жасаудың артықшылығы даусыз, ұялы телефон әрдайым қолда, бұл уақытты және ақшаны үнемдеуге жаңа мүмкіндік. Банкке барып, кезекте тұрып, уақытты жоғалтудың қажеті жоқ. Ең бастысы - ұялы телефоныңыздың теңгерімінде ақшаның болуы», - дейді «Қазпошта» АҚ-ның бизнес жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков.

Бүгінгі таңда осы қызметті Kcell, Activ және Beeline абоненттері пайдалана алады. Төлем жүргізу үшін 5505 нөміріне «gorodesp ИИН» (елорда, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін) және «seloesp ЖСН» (басқа елді мекендер тұрғындары үшін) мәтіні бар SMS-ті жолдау қажет. Теңгерімнен төлем сомасы мен 100 теңге көлеміндегі комиссия есептен шығарылады. БЖТ төлемі SMS жіберілген айда есептеледі.

SMS арқылы төлемді, банк карталарынан дәстүрлі төлеммен бірге Paypost интернет-эквайрингі қабылдайды. 

«Болашақ ұялы телефонның теңгерімі арқылы төлем жүргізу болатынына сөзсіз. Қазпошта осындай тәсілмен төлеуге болатын қызметтер спектрін одан әрі кеңейтетін болады. Ұялы телефон үнемі жаныңда болатын және оның көмегімен өзіңнің жеке қаражатыңды басқаруға болатын шағын жинақ кассаға айналуы керек», - деді Бауыржан Айнабеков.

Өзгелердің жаңалығы