Шымкентте 5 жасар баланы өз ауласында қағып өлтірген

3 Мамыр 2019, 10:02
1560
Бөлісу:
Шымкентте 5 жасар баланы өз ауласында қағып өлтірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйел адам басқарып отырған автокөлік баланы басып кеткен. Куәгерлер баланы құтқарып қалмақшы болған, дегенмен қатты соққы алған бүлдіршін аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұл туралы Otyrar.kz жазды.

Оқиға Жоғарғы базар ауданында Әлімқұлов көшесінің бойындағы 4-үйдің ауласында орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, «Chevrolet» маркалы автокөлікті басқарып отырған жас бойжеткен көп бала ойнап жүрген ауламен жүріп өтпек болған. Жүргізуші подъезден жүгіріп шыққан бүлдіршінді байқамай қалуы мүмкін. Ол бірден тежегішті басып тоқтауға тырысқан, алайда соқтығысты алдын алу мүмкін болмай, баланы басып кеткен.

2013 жылғы бүлдіршін облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Жол-көлік апаты болған жер ауруханаға жақын орналасқандықтан, баланың ауыр жағдайын ескеріп, жедел жәрдем каретасын күтпестен, куәгерлер бүлдіршінді өздері жеткізген.

«Қабылдау бөлімінен ауыр жағдайда баланы әкеле жатқаны туралы хабар келді. Баланың ес-түссіз жатқанын ескеріп, бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. 25 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясы жасалды, алайда бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалды. Баланы біздің нейрохирургтер қарап тексерді, оның бассүйек негізінің сынғаны анықталды», - деді Жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цай.

Айта кетейік, үй Шымкенттегі Жоғарғы базардың жанында орналасқан. Бұл үйдің ауласын базардың саудагерлері автотұраққа айналдырып жіберген.

Үй комендантының айтуынша, ол полицейлерге шағым айтып күнде қоңырау шалады. Сонымен қатар әкімдікке де бірнеше рет шағымданған. 

 

Өзгелердің жаңалығы