Атырауда Елбасы Жолдауы жүйелі жүзеге асуда

3 Мамыр 2019, 22:15
2159
Бөлісу:
Атырауда Елбасы Жолдауы жүйелі жүзеге асуда
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдаудын насихаттау мен түсіндіру мақсатында ақпараттық топ мүшелері студенттермен кездесті. 

Жиын барысында маңызды құжатта міндеттелген тапсырманың орындалуына байланысты әр сала мамандары жауап берді. Олардың айтуынша, стратегиялық құжатта айтылған «Нұрлы жер» бағдарламасының жүру қарқыны жақсы. Өткен жылы осы жобамен 570 отбасы пәтерге қол жеткізген. Бүгінде 20 мыңнан астам облыс тұрғыны тұрғын үй кезегінде тұр. Кез-келген тұрғын қалаған уақытта өзінің кезегін электронды түрде көре алады. Жолдауда білім саласындағы маман жетіспеушілігін жою бойынша нақты тапсырмалардың берілгені белгілі. Бүгінде өңірдегі балабақшаларда тәрбиешіге көмекші жетіспейді. Ол қызметке мамандардың келмеуіне – жалақының аздығы себеп. Ал, Елбасы тапсырмасынан соң олардың еңбек ақысы 42 мың теңгеге өскен. Сондай-ақ, жиында сайлаудың өтуіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған «Аманат» азаматтық алаңы туралы да айтылды. Оның құрамына қоғамдық ұйым өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділер енген.

«Қазіргі таңда облыста 262 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар құқықтарын білу керек. Сайлаушы  дауыс бергісі келгенге адамға емес, басқа біреуге дауыс кетіп қалуын болдырмау адалдық белгісі. Атырауда вахталық жұмыс істейтіндер көп. Сондықтан соған бақылаушылар мән береді»,- дейді «Аманат» азаматтық алаңының Атырау облысы бойынша өкілі Дәурен Сейітқалиев.

Жиын соңында университет студенттері де сөз алып, мемлекет тарапынан халықтың игілігі жолында жасалып жатқан жұмыстарға көңілі толатындықтарын айтты.

Өзгелердің жаңалығы