Все новости за 24 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Шығысқазақстандық «ALTAY» волейбол командасы Қытайға аттанады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемендік «ALTAY» әйелдер волейбол құрамасы Аспан асты елінің Тяньцзинь қаласына аттанбақ. Бұл жөнінде аталмыш клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Әр демократиялық елде сайлау болуы керек – бірлестік төрағасы
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» кеңесінің мүшелері елімізде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына қолдау білдірді. Осы мақсатта түрлі этно-мәдени бірлестік өкілдері өз пікірлерімен бөлісті.
-
Алтын мен күмістің бағасы арзандайды – сарапшы
Алматы, BAQ.KZ. Сарапшы осы жылдың II тоқсанында алтын мен күмістің бағасы арзандайды деген болдам жасады, деп жазады LS басылымы.
-
Ясауи кесенесі мен тарихи тұлғалар жайлы мәлімет беретін мобильдік қосымша іске қосылды
Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Android платформаларына арналған мобильдік қосымша іске қосылды.
-
Жамбылдық жастар саяси науқанда белсенді болуға шақырды
Тараз қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының жастары алдағы саяси науқанда белсенді болуға шақырады. Тараз қаласында өткен «Жастар форумында» білімгерлер өз замандастарын сайлау кезінде дербес таңдау жасап, дауыс беруге жауапкершілікпен қарауға шақырды.
-
Түркістанда шаруаларды қолдайтын сауда үйі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістанда аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев алғаш рет кәсіпкерлермен бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде паллиативтік көмекті қажет ететін науқастар саны 27 мыңнан асады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда паллиативтік көмекті қажет ететін пациенттер саны 27 мыңнан асып жығылады. Алайда, аталған көмекпен айықпас дертке шалдыққан науқастардың жартысы ғана қамтылып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау сарапшысы Марат Мамаев мәлімдеді.
-
Ақтауда 800 адам бір-біріне кітап сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 сәуір – Дүниежүзілік авторлық құқық және кітап күніне орай, Ақтау қаласында «Кітап әлемді бағындырады» акциясы өтті. Іс-шара барысында 800-ден астам оқырман бір-біріне кітап сыйлады. Бұл туралы Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Теміртаулық оқушылар экскурсия жүргізетін робот құрастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда KazRoboProject-2019 ғылыми-техникалық жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Қатысушылар «Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру» тақырыбындағы жұмыстарын ұсынды. Жеңімпаздар ақтық сайысқа өтіп, бас жүлде үшін бақ таластыратын болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Хоккейден Әлем чемпионатындағы ел құрамасының тұмары белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бірінші дивизиондағы бойтұмары "Барыс" есімді қар барысы болады. Бұл туралы SPORTINFORM ақпарат агенттігі хабарлады.
-
Елбасы кітапханасында президенттік институт қызметінің өзекті мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ұйымдастыруымен «Президенттік институт – мемлекеттілікті нығайтудың факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі мәлім етті.
-
Бірлікті бекемдеуге әрқайсымыз атсалысуымыз керек – Ринад Бектимиров
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тобыл-Торғай өңірінде 16 мыңнан астам татар, 4 мыңға жуық башқұрт тұрады. Олардың салт-дәстүрін, тілін ұмытпай, мерекелерде бас қосуына «Дуслық» этномәдени бірлестігі себепші болып жүр.
-
ШҚО-да инспекторларға қарсылық көрсеткен браконьерлер ескек сілтеп, қайықтарын төңкермек болды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Зайсан көлі мен Қара Ертісте заңсыз балық аулаған браконьерлер инспекторларға қарсылық көрсетіп, оқиға орнынан із жасырған. Бұл туралы ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады.
-
Қордайда апатқа ұшыраған автобус жүргізушісі қамауға алынды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында орын алған ірі жол-көлік оқиғасы кезінде аударылған автобустың жүргізушісі қамаққа алынды. Полиция қызметкерлері 44 жасар азаматты Қордай аудандық уақытша ұстау изоляторына жапты.
-
Сапарбаев: 3 жылда кемінде 1 млн 100 мың жұмыс орнын ашу көзделген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдады.
-
Руслан Исмазов: Мемлекеттің ішкі тұрақтылығы – біз үшін қымбат құндылық
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсарту арқылы әлеуметтік бірлікті қалыптастыру – Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасының басты мақсаты. Жер бетінде теңдесі кем қоғамдық институттың алға қойған мақсат-міндеттері қалай жүзеге асырылуда?
-
Ақтөбеліктер қоныс тойын тойлады
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде көпбалалы отбасыларға пәтер беру келесі айда басталады. Қазір аймақта 10 мыңнан астам әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баспана кезегінде тұр. Ал бүгін 11 отбасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспаналы болды.
-
Тоқаев Ұлттық банктің 2018 жылғы жұмысын қорытындылау бойынша кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Б.Сағынтаев, Президенттің көмекшісі Т.Сүлейменов, Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә.Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Е.Досаев, Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов қатысты.
-
Біздің еліміз үшін ең бастысы – бұл тыныштық – профессор
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Нұротандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басқаруға ең лайықты кандидат екендігін атап көрсетті. Бұл ұсынысқа атыраулықтар да қолдау білдіріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы саясатын жалғастырып, сабақтастықты сақтайтындығына сенім артып отыр.
-
Жамбыл облысында шеге өндірісі қолға алына бастады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы ауылдан шеге шығарыла бастады. Жуалы ауданы Шақпақата ауылында тұратын жас кәсіпкер Еламан Пернешов шегенің бірнеше түрін шығаруда. Ол өз үйінің ауласынан шағын цех ашып, он-шақты ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыған.
-
Қазақстан тарихы жаңа жетістіктермен толығарына сенемін – Нұрмахан Жолдасов
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмаxан Жолдасов билік басына Елбасының сенімді серігі болған азамат келсе, Қазақстан тарихы жаңа жетістіктермен толығарына сенетінін айтты.
-
Нұротандық депутаттар «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX Съезін қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Nur Otan партиясы Фракциясының Төралқасы өтті. Онда депутаттар-Фракция мүшелері Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX Съезін қорытындылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО-да мемлекеттік қызмет түрлерін үйден алуға жағдай жасалуда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде мемлекеттік қызмет тізіліміндегі 752 қызметтің 85 пайызын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсетіп отыр. Бұл жөнінде аталмыш корпорацияның үш жылдық жұмысын қорытындылаған баспасөз мәслихаты барысында айтылды.
-
Елбасы идеялары «Қазақтану» жобасы аясына топтасқан – Арзу Гурбанова
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н. Назарбаев айтқандай халық үшін тұрақтылық пен татулықтан артық ешнәрсе жоқ.
-
Қырғыздың қазіргі заман әдебиеті қазақ оқырмандарына жол тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан «Eurasian Book Fair–2019» ІV Евразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында Халықаралық Түркі академиясы қырғыз тілінен қазақ тіліне аударылған бірнеше кітапты таныстырды.
-
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
-
"Ақ жол" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Ақжол" демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы өтіп жатыр. Жиында партия атынан 6 адам сайлауға үміткер екенін мәлімдеді.
-
Алматыда есірткі қабылдап, масаң күйде рөлге отырған азамат ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда есірткі қабылдап, жүргізу куәлігінсіз рөлге отырған адамның жолы кесілді. Бұл туралы Алматы қаласы ПД хабарлады.
-
Қызылордалық кәсіпкер түйе сүтінен балмұздақ шығаруда
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық кәсіпкер түйе сүтінен балмұздақ шығарады.
-
Максим Споткай: Тоқаев – тәжірибелі тұлға
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезінде Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Партияның осы шешіміне байланысты Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай өз пікірін білдірді.
-
Атырау облысында 26 сәуір күні «Ашық есік күні» өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасына сәйкес тұрғындармен кездесу 26 сәуір күні 17:00-де өңірдің барлық әлеуметтік мекемелерінде ұйымдастырылады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда ІV Евразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елордадағы «Көрме» көрме орталығында «Eurasian Book Fair–2019» ІV Евразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды.
-
Қарағандыда «Руxани жаңғыру» аясында 500 жоба жүзеге асқан
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен осыдан екі жыл бұрын іске қосылған «Руxани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында 500-ге тарта жоба жүзеге асқан. Бұл жайында «Руxани жаңғыру» жобалық кеңесінің өкілдері мәлімдеді.
-
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Жамбыл облысында желден қуат өндіру ісі қолға алынуда
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында табиғи қорлардан жаңартылмалы электр қуатын өндіру ісі қолға алынуда.
-
Республикалық «SEMSER» әдеби конкурсы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конкурс "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік әдеби сын" аталымдары бойынша өтеді.
-
Арқалықтық палуан «Қостанай қыраны» атанды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президентінің жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» турнирінің облыстық іріктеу кезеңінде Арқалық қаласының палуаны Ғабит Балғынбаев жеңіске жетіп, «Қостанай қыраны» атанды.
-
Кепілдіктегі 2 жасар баланы құтқаруға көмектескен имам марапатталды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының полицейлері Орталық мешітінің имамы Өмірзақ Бекқожаға тәртіп сақшыларына көмектесіп, кепілдіктегі қызды құтқаруға атсалысқаны үшін алғыстарын білдірді.
-
Мамин Royal Dutch Shell концернінің өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Royal Dutch Shell концернінің өкілдерімен: «Халықаралық барлау және өндіру» бөлімшесінің директоры Эндрю Браунмен, терең сулы жобалар жөніндегі атқарушы вице-президент Уаэл Сауанмен, бірлескен кәсіпорындар мәселелері жөніндегі атқарушы вице-президент Хералд Схотманмен кездесу өткізді.
-
Қызылордада ауыл тұрғыны құрама жем шығаратын цех ашты
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Жосалы кентінің тұрғыны Людмила Альмерденова құрама жем шығаратын цех ашты.
-
Бәріміз бір шаңырақ астында еңбек етеміз – ҚХА мүшесі
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Көпұлтты қазақ елінің біртұтастығы мен бірлігінің сақталуына, мемлекетімізде бейбітшіліктің орнауында Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. ҚХА-ның XXVII сессиясы еліміздегі осы татулық пен келісімді одан әрі жаңғыртуға баспалдақ болмақ. «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Жезқазған кен байыту фабрикасының директоры Мұрат Бөрібаевтың пікірі осындай.
-
«Тіркелген, ТҮҚЖБ жинағы болуы». Жалдамалы пәтерді алу үшін жастарға қойылатын талаптар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлерді алу үшін қойылатын талаптарды айтты.
-
"Ақ жол" партиясы сайлауалды бағдарламасын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтанда "Ақ жол" демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы өтіп жатыр. Жиын барысында партия төрағасы Азат Перуашев 9 маусымдағы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына "Ақ жол" партиясының қатысатынын айтты.
-
Елбасы «ALSTOM» компаниясы басқармасының төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ALSTOM» компаниясы басқармасының төрағасы Анри Пупар-Лафаржды қабылдады.
-
Семейде үздік жастар театры анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қалалық мәдениет сарайында «Үздік жастар театры – 2019» байқауы болды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.
-
Көпбалалы отбасыларға берілетін жалдамалы пәтерлерде өздері ғана тұра алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Парламент Мәжілісінің кулуарында бірінші кезекте жалдамалы пәтерлер көпбалалы отбасыларға қалай берілетінін айтты.
-
Дін қызметкерлері мектептердің ауласына көшет отырғызды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы дін қызметкерлері Тараз қаласындағы және қала аумағындағы елді мекендерде орналасқан мектептердің аулаларына 200-ге тарта ағаш отырғызды.
-
Берік Әбдіғалиұлы: Халық Тоқаевқа үмітпен қарап отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы BAQ.KZ тілшісінің «Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президент сайлауында жеңіске жеткен жағдайда елде қандай өзгерістер болуы мүмкін?», деген сұрағына қатысты өз пікірін білдірді.
-
Ақтөбенің 150 жылдығына арналған велоспорттан жарыс өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 мамырда велоспорттан жарыс жекелеген стартпен басталады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Тоқаев: Елімізге Мажарстанның бизнес делегациясы келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен шағын құрамда кездесті.
-
Кәсіподақтар федерациясы президенттікке өз кандидатурасын ұсынды
Алматы, BAQ.KZ. Бұрынғы депутат, Батыс Қазақстан облысы аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Амангелді Таспихов Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан маусым айында болатын президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынылды.
-
Заңдарды ізгілендіру жүйелі болуы керек – Нығматулин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
-
Ауылдарда көпбалалы отбасылар үшін аз қабатты үйлер салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауылдық жерлердегі көпбалалы отбасылар үшін құрылысы 4-5 айда бітетін аз қабатты үйлер салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлімдеді.
-
Орталық Азияда теракт ұйымдастырмақ болған содыр ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Қырғызстан арнайы қызметі Орталық Азияда теракт ұйымдастырмақ болған содырды ұстады. Бұл туралы Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Содырлар мен халықаралық террористік ұйымдардың мүшелерінің Қырғызстан аумағына кіру жол
-
Көпбалалы отбасылар жалдамалы баспанамен бірінші кезекте қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында көпбалалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастардың баспана мәселесін шешетін заң жобасы қаралды.
-
Қазақстанда балалардың тамақтануын жақсарту бойынша нақты қадамдар жасалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылдан бастапелімізде 53% мектепте енгізілген Мектеп оқушыларының тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленген. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі жасөспірім балалардың тамақтануын жақсарту жөніндегі Симпозиумда айтылды.
-
Дәурен Абаев: "Қалаулым" бағдарламасы жақсарып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласындағы "NurOtan" партиясының кеңсесінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қоғамдық қабылдау өткізді. Жиын барысында телеарналардағы рейтинг қуалап, арсыздыққа барып жүрген телебағдарламалар сөз болды.
-
Елдегі инвестициялық ахуал одан ары жақсартылады – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО дипмиссиялары басшыларымен кездесу барысында хабарлады.
-
Шымкенттік оқушы әлемнің 8 оқу орнына шақырту алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Арайлым Әземхан 8 шетелдік жоғарғы оқу орнынан шақырту алды. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Елордалық спортшылар арбада отырып би билеуден Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландының шығысындағы Кёйк қаласында арбада отырып би билеуден халықаралық лицензиялық турнир аяқталды. Бұл туралы елордалық әкімдіктің ресми сайтында хабарланды.
-
Әп-сәтте өзгеріп шыға келдіңіз – Нығматулин вице-министрді сынға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасына сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін спортшылардың, жаттықтырушылардың жарыс ұйымдастырушыларының жазасын төмендету туралы өзгеріс енгізген ҚР Мәдениет және спорт министрлігін сынға алды.
-
Алдағы үш күнде ауа райы жаңбырлы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, 25-27 сәуір аралығында жаңбыр жауады.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды қабылдады.
-
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігінің келісімен Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Сәденов Ержан Сапарбекұлы тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Атырауда 20 мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа нысандар 12 184 орынды қамтитын болады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Абаев "Өз ойым" бағдарламасын жабуға қатысты пікірін білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы "Нұр-Отан" партиясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қоғамдық қабылдау өткізді.
-
Шетелдіктер қандай жағдайда елден шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бейбіт Мамраев ІІМ өкіліне белгіленген мерзімде Қазақстан аумағында тіркелмеген шетелдіктерді елден шығарып жіберу мәселесін көтерді.
-
Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қала активіне шаһардың жаңа басшысын таныстырды.
-
Оңтүстік Корея дипломаттарды қалай дайындайды
Біреуге соғыс, біреуге көрнекі құрал. Айтпақшы, Солтүстік Корея ядролық технологияларға ақшаны қайдан алады?
-
Әкімшілік құқық бұзушылық істерін соттардан уәкілетті органдарға беру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Марат Бекетаев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасын таныстырды.
-
Айыппұл мөлшері төмендейді – Бекетаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚР заң жобасы қаралды
-
Қазақстан күріш экспортын қысқартты
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан 18,3 мың тонна күріш экспорттаған, бұл шамамен 5,1 млн долларды құрайды, деп жазды LS басылымы.
-
Шымкентте Маңғыстау театрының гастролі өтіп жатыр
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының гастроль сапары өтіп жатыр. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте театр басшылығы мәлімдеді.
-
Орталық Азия балалар семіздігі бойынша екінші орында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта Орталық Азияда балалар семіздігінің таралуы әлем бойынша екінші орында. Бұл туралы жасөспірім балалардың тамақтануын жақсарту жөніндегі Симпозиумда айтылды.
-
Ким Чен Ын іссапармен Ресейге аттанды
Алматы, BAQ.KZ. КХДР жоғарғы көшбасшысы Ким Чен Ын сәрсенбі күні таңертең өзінің бронопойызымен Ресейге аттанды. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлады.
-
Көпбалалы отбасыларға баспана алу құқығын беретін заң жобасы қаралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР парламенті мәжілісінің отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасы қаралады.
-
Отандық балуан еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде еркін күрес шеберлері арасында мықтылар анықталуда, деп жазады Olympic.kz.
-
Жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне өзгерістер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 22 мамырдан бастап жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне аздаған өзгеріс енгізілетіні туралы хабарлады.
-
Елбасы ұсынған кандидат елдегі саяси бағыттың сабақтастығы – атыраулық жастар
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
-
Заңсыз балық аулаған ШҚО тұрғындары ұсталды
ШҚО, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 19 сәуір күні жүргізілген «Нерест-2019» жедел алдын алу іс шарасы барысында заңсыз балық аулап мемлекеттің балық қорына миллион теңгеден астам шығын келтірген екі шығысқазақстандық ұсталды.
-
Атыраудағы әскери кадет сыныбы – тәрбие беруде тиімді модель
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраудағы әскери кадет сыныбы тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Батыс аймақтық әскери прокуратурасының қолдауымен жасақталған арнайы сыныпта бүгінде 24 оқушы білім алады. Облыс басшылығы патриоттық тәрбие берудің тиімді моделі ретінде мойындалған мұндай жобаны өзге білім ордаларында да енгізуге мүдделі.
-
Президент сайлауы – 2019. Қарағандылық дәрігерлер Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенттігіне кезектен тыс сайлауға Nur Otan партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Бұл шешімді қарағандылық дәрігерлер қолдап отыр.
-
ШҚО-да «7-20-25» бойынша ипотекалық несие алуға 500-ден астам өтініш түсті
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шығыс Қазақстанда 9 әлеуметтік-мәдени нысан мен 15 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында айтылды.
-
24 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін кей облыста тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.
Наверх