Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

24 Сәуір 2019, 18:30
1772
Бөлісу:
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

25 сәуірде Түркістан облысының кей жерінде найзағай, батыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Түнде солтүстік және таулы аудандарда 1 градус үсік күтіледі.

Шымкент қаласында 25 сәуірде түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі.

Түркістан қаласында 25 сәуірде түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Батыстан, шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с.

25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман, бұршақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерде екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында күндіз 25 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

25 сәуірде Ақмола облысында кей жерде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел сотүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерде екпіні 23 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 25 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.    





Өзгелердің жаңалығы