Ақтауда 800 адам бір-біріне кітап сыйлады

24 Сәуір 2019, 21:55
3426
Бөлісу:
Ақтауда 800 адам бір-біріне кітап сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 сәуір – Дүниежүзілік авторлық құқық және кітап күніне орай, Ақтау қаласында «Кітап әлемді бағындырады» акциясы өтті. Іс-шара барысында 800-ден астам оқырман бір-біріне кітап сыйлады. Бұл туралы Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда 800 адам бір-біріне кітап сыйлады

Аталған шараға облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткен акцияға мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатысты.

«Шара биыл үшінші жыл қатарынан өткізілді. Қатысушылардың қызығушылығы артқанын өткен жылғы статистикалармен салыстыру арқылы анықтай аламыз.. Алғашқы жылы 790 адам қатысса, өткен оқу жылында 725 қатысушы болды. Ал биыл 800-ден аса адам құпия оқырманын іздеді», - деді мектеп кітапханашысы Динара Қайратбекқызы.

Ақтауда 800 адам бір-біріне кітап сыйлады

Акцияға қатысушы кітапханашыдан нөмір алып, құпия оқырманның жас ерекшелігін анықтап, кейін оған кітап таңдайды. Акцияның өткізілу күнінде барлық қатысушы өз нөмірлерін әртүрлі етіп тағып, құпия кітаптарын іздейді.

«Мен бүгін Анатолий Приставкиннің «Ночевала тучка золотая» шығармасын белгісіз оқырманыма сыйлаймын. Менің білуімше, менің оқырманым 8-сынып оқушысы. Сондықтан оған қызықты болады деген ойдамын», - деді орыс тілі пәнінің мұғалімі Бұрыш Утесинова.

Өзгелердің жаңалығы