Ким Чен Ын іссапармен Ресейге аттанды

24 Сәуір 2019, 10:27
1769
Бөлісу:
Ким Чен Ын іссапармен Ресейге аттанды

Алматы, BAQ.KZ. КХДР жоғарғы көшбасшысы Ким Чен Ын сәрсенбі күні таңертең өзінің бронопойызымен Ресейге аттанды. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлады.

Хабарламада сондай-ақ, КХДР көшбасшысының Ресейге сапарында Корея Еңбек партиясының ОК төрағасының орынбасарлары Ким Пхен Хэ және О Су Ен бірге бара жатқаны айтылады. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрі Ли Ен Хо, Корея халық әскері Басштабының басшысы Ли Ен Гиль және СІМ-нің бірінші орынбасары Цой Сон Хи де делегаттар қатарында.

Бұған дейін әлемдік БАҚ-та Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтетіні туралы хабарланған.

Өзгелердің жаңалығы