24 сәуірге арналған ауа райы болжамы

24 Сәуір 2019, 08:15
1674
Бөлісу:
24 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін кей облыста тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.


Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінде катты жаңбыр жауады, тек республиканың батысында жауын-шашын болмайды.
Кей жерде тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал, оңтүстікте, орталықта найзағай болып, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.

Түркістан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанда облысының кей жерінде тұман түседі.

Қостанай,  Солтүстік Қазақстан,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

 

Өзгелердің жаңалығы