Орталық Азияда теракт ұйымдастырмақ болған содыр ұсталды

24 Сәуір 2019, 14:07
1209
Бөлісу:
Орталық Азияда теракт ұйымдастырмақ болған содыр ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Қырғызстан арнайы қызметі Орталық Азияда теракт ұйымдастырмақ болған содырды ұстады. Бұл туралы Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Содырлар мен халықаралық террористік ұйымдардың мүшелерінің Қырғызстан аумағына кіру жолын кесуге арналған шара барысында 28 жасар Қырғызстан азаматы ұсталды. Ол лаңкестік әрекеттерге қатысқаны үшін іздеуде жүрген», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, ұсталған күдікті 2016 жылдан бері халықаралық террористік ұйым құрамында болып келген, сонымен қатар Сирия аймағындағы ұрысқа қатысып, диверсиялық жаттығудан өткен.

«2018 жылдың қараша айында халықаралық террористік ұйым басшыларының бұйрығымен ұсталушы Сирия аумағынан кетіп, Орталық Азия елдерінде қарулы джихад жасауға жіберілген. Оған өзге содырларды күтіп, лаңкестік топтарды құра отырып өздігінен жарылатын құрылғылармен террористік акцияларды жасау міндеті берілген», - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы