Все новости за 8 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қарағандыда латын графикасына көшу бойынша тренингтер өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының тұрғындары үшін латын графикасына көшу тақырыбында тренингтер өтізілуде. 2019 жылы бұл дәрістерге аймақтың 13 қаласы мен аудандарынан 3000-нан астам адам қатыса алады деп жоспарлануда.
-
Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстікке қоныс аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге қоныс аударды, деп мәлімдейді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
АӘК алуға 3 мыңнан астам елордалық өтініш берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Түркістанды абаттандыру үшін қалада 5 канал жүргізілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласын дамыту және Түркістан облысындағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда саудаға арналған жер учаскелерінің электронды аукционы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкерлік субъектілеріне көше саудасын жүргізу үшін жер учаскілерін үлестіру алғаш рет арнайы порталда жүргізілді. Бұл туралы «Astana» ӘКК» хабарлады.
-
Түркістанда 10 гүлзар салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Негізгі көшелер бойынан жалпы аумағы 172,2 гектарды құрайтын қолайлы орындар анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Түркістан қаласының аумағында 10 гүлзар салу туралы Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына с
-
Бауыржан Омаров Президент кеңесшісі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
-
Марат Ахметжанов: Үш айда 38 террорист сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов 2019 жылдың үш айындағы қылмыстық жағдай туралы баяндады.
-
Қазақстан мен Вьетнам қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсетуге уағдаласты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Дариға Назарбаева ЕҚЫҰ төрағасымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Словакияның сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен кездесті, деп мәлімдеді Сенатының Баспасөз қызметі.
-
Қызды құтқармақ болып, ажал құшқан батырды еске алу үшін көкпар ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда Шалқар Ақымғалиевтың рухына көкпар ұйымдастырылды. Жаппай көкпарға 30-дан аса шабандоз қатысты, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Елімізде 30 мың адам түрмеде отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов елімізде түрме халқының саны азайғанын айтты.
-
Қазақстан мен Германия үкіметаралық жұмыс тобының отырысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Берлинде өтетін Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының ХІІ отырысы өтеді. Бұл туралы апта сайынғы брифинг барысын СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
-
Елбасының Еуразиялық бастамасына 25 жыл толуына арналған халықаралық конференция өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 11 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл толуына арналған «Идеядан – шынайы болмысқа: Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Бұл туралы апта сайынғы брифинг барысын СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
-
Жыл басынан бері қамаққа алынғандар саны 13% төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қылмыстық заңнаманы жаңғырту туралы баяндады.
-
Тегеранда Қазақстан мен Иран арасындағы саяси консультациялар өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ көпжақты дипломатия аспектілерін талқылайды. Бұл туралы апта сайынғы брифинг барысын СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
-
Нығматулин Катарда екіжақты кездесулер өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Катарда өтіп жатқан Парламентаралық Одақтың 140-шы Ассамблеясының қатысушыларымен парламентаралық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.
-
Тоқаев еліміздің ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелерді талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ақордада бірқатар лауазымды тұлғаны қабылдады.
-
Бас прокуратура Лондонда жүрген экс-әкімді неге ұстай алмайтындарын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов әлеуметтік желіге тарап кеткен Лондонда жүрген Бергей Рысқалиевтің видеосы туралы пікір білдірді.
-
ШҚО аудандарына қатынайтын паромдар жұмысын қашан бастайды?
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Суы мен нуы мол Шығыс өңірінде екі үлкен паром өткелі бар. Оның бірі межелі жерге жетудегі жолды қысқартса, енді бірі бүтін бір ауданды сыртқы дүниемен байланыстыратын тіршілік көзі. Осы себепті біз Көкпекті, Күршім және Катонқарағай аудандарының арасын жалғайтын «Қызыл Ту» және «Васильев» өткелдеріндегі паром қатынасы жайлы айтып өтуді жөн көрдік.
-
Димаш Құдайберген Муз-ТВ премиясына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы әншінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.
-
Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні қаупі сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
-
Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапар аясында Алматыға барып, корей диаспорасымен кездеспек. Бұл туралы апта сайынғы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
-
"ALTYN OIMAQ" байқауы жаңа дизайнерлердің танылуына мүмкіндік береді – жоба жетекшісі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «ALTYN OIMAQ» ұлттық киім дизайнерлер байқауында алты жеңімпаз анықталады және оның әрқайсына 1 млн теңге көлемінде жүлде беріледі. Бұл туралы жобаның жетекшісі Диана Ботаева Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің студенттерімен кездесу кезінде айтты.
-
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің ресми сайты.
-
Батыстағы әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлығы тексерілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен жауныгерлік қабілет деңгейін бағалау өтуде. Бұл туралы қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қызылордада «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі өтуде
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме салтанатты түрде ашылды. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов қатысты. Сондай-ақ, жиынға қала тұрғындары мен жастар студент жастар келді.
-
«QAZAQSTAN» РТРК» АҚ-ға жаңа басшы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ-ға жаңа басшыны таныстырды
.
-
Елордада екі қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада №71, 73 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы жолдарды жөндеу жұмыстарына байланысты өзгереді. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының ресми сайты жазды.
-
Нұр-Сұлтанда сүрілген үйлердің орнына не салынады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылдан бастап қала әкімінің тапсырмасы бойынша сүрілген үйлердің орнында желекжолдар мен гүл бақтары пайда болуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Жастар театрында балаларға арналған жаңа ертегі қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертегі желісі кішкентай көрермендерді айнымас достық пен татулыққа шақырады.
-
Қазақстан Иорданиядағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өлі теңіздің жағалауында «Ынтымақтастық үшін жаңа алаңды әзірлеу» тақырыбында Таяу Шығыс пен Сотлүстік Африка жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) 10-шы өңірлік форумы өтті. Форумның жұмысына Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ауыл сақталса, ұлттық кодымыз бен дәстүріміз де сақталады - Еңбек ері
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы идеяны Қазақстанда ең алғаш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Ол идея «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа мағынада сипатталды.
-
Сенаторлар халықаралық үш құжатты қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты Бюросының отырысында Палатаның 11 сәуірде болатын отырысының күн тәртібі белгіленді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматылықтар бюджет қаржысын өздері бөлетін болады
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Нөсер жаңбырдың соңы бұршаққа ұласуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің болжамы бойынша сәуірдің 9-11 аралығында оңтүстікте қатты жаңбыр жауып, соңы бұршақ ұласуы мүмкін.
-
Нұр-Сұлтанда балалар байқауы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл «Шаттық» балалар-жасөспірімдер байқауы жаңашылдыққа толы болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
«Көкжайлау» жобасын жүзеге асыру кейінге шегерілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматының Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында қала әкімі Бауыржан Байбек осындай ұсыныс жасады.
-
Теміржол билеттерін пошта бөлімшелері арқылы сату 80 есе артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылдың қорытындысы бойынша пошта бөлімшелері арқылы сатылған билеттердің саны едәуір артқан. Дәлірек айтсақ, 3 жыл ішінде билет сату 80 есе өскен: 2015 жылы 2738 билет сатылған болса, 2016 жылы – 100 110, 2017 жылы – 194 281, ал 2018 жылы 219 357 теміржол билеті сатылған.
-
Тоқаев ЕҚЫҰ төрағасымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Дәрі-дәрмектерге қатысты өңірлерде 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды жеткізуде іркілісті алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау ми
-
Ақан серінің көне жүзігі қазір қайда?
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Ел еркесі атанған Ақан серінің Ақтоқтыдай аруға сыйға тартқан жүзігі асылдың көзіндей әлі аман сақталып келеді. Ақтоқтының жиен немересі Орынбасар Төкеновадан жүзіктің өзіне қалай жеткенін айтып беруін өтіндік.
-
Елордада аутизмге шалдыққан балаларға бейімделген концерт өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуірде елордада аутизмге шалдыққан және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға «Жануарлар карнавалы» атты бейімделген музыкалық және поэтикалық концерт өтеді.
-
Елімізде отандық автокөлік өндірісі артты
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда 2019 жылдың алғашқы екі айында 5,6 мың автокөлік өндірілген, бұл өткен жылғы осы аралықпен салыстырғанда 34,6% жоғары. Бұл туралы Energyprom хабарлады.
-
Нығматулин Катардағы Парламентаралық одақ Ассамблеясында сөз сөйледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Катардағы Парламентаралық Одақтың 140-шы Ассамблеясында сөз сөйледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Дзюдодан Қазақстан командасы үздік үштікке енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Анталия қаласында дзюдодан кезекті Гран-при турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әсемгүл Балташева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы корпорацияның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook-тегі парақшасында жариялады.
-
Елордада алдағы 2 күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы тәуліктерде Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Smart Astana мобильдік қосымшасына АӘК желісі қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атаулы әлеуметтік көмек туралы сұрақтарға жауапты үйден шықпай-ақ, телефон арқылы немесе мобильдік қосымша арқылы алуға болады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Шекарашылар Каспий теңізінде заңсыз балық аулаған 8 адамды ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар Каспий теңізінде теңіз шекарасының тұтастығы мен ел байлығының күзетін қатар атқаруда.
-
Негізгі ұсыныс бізден болды: Қытайдан қарыз алу туралы Қаржы министрлігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат кулуарында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер жөніндегі комитетінінің басқарма басшысы Қайрат Маубаев айтты.
-
Баландин жаңа әлемдік турнирде бақ сынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айының соңында жүзуден жаңа әлемдік турнирдің бірінші кезеңі өтеді. Champions Swim Series шоуына Қазақстаннан тек қана Дмитрий Баландин шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі мәлім етті.
-
Қытайдан несие алу: Сенаттың жалпы отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Қытай үкіметіне 116 млрд теңгені 20 жылда 154 млрд теңге қылып қайтарады.
-
Назарбаев Зияткерлік мектептеріне жаңа басшы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Светлана Испусинова Басқарма төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы аталған білім беру ұйымының ресми сайты жазды.
-
Қазақ балуандары халықаралық турнирден 4 медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда еркін және әйелдер күресінен "Mongolia Open-2019" турнирі аяқталды. Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Бауыржан Байбек Твиттерде алғашқы жазбасын жариялады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Байыржан Байбек Тwitter әлеуметтік желісіне тіркеліп, өзінің алғашқы жазбасын жариялады.
-
«Күлтегін» мультфильмін тамашалауға 5 мыңға жуық бүлдіршін келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 7 сәуір күні «Күлтегін» анимациялық мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Нығматулин Катардағы Парламентаралық Одақ алаңында Володинмен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Катардың астанасы Доха қаласында өтіп жатқан Парламентаралық Одақтың 140-шы Ассамблеясы алаңында Ресейдің Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володинмен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бүгін Головкиннің туған күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аты әлемге әйгілі қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин бүгін 37 жасқа толып отыр. 1982 жылдың 8 сәуірінде бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы GGG дүниеге келді.
-
Бокстан әйелдер арасында Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-26 сәуір аралығында Тайланд астанасы Бангкокте бокстан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық додасы тұңғыш рет ерлер мен әйелдер арасында бір уақытта ұйымдастырылмақшы. Бокстан әйелдер командасының бас бапкері Вадим Присяжнюк Азия біріншілігіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Бұл туралы Olympic.kz. мәлімдеді.
-
Ақтаулықтарға заң кеңестері тегін ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірлескен шара «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ғимаратында өтті. Алдын ала ақпараттық-насихат тобы құрылды, оның құрамына әділет департаментінің қызметкерлері кірді.
-
Ақтауда «Жүрек нұры» қайырымдылық акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жүрек нұры» қайырымдылық акциясы өтті.
-
Arlan Grip Championship: жаңа рекорд орнады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Arlan Grip Championship турнирінде еліміздің үздік джиу-джитсу спортшылары бақ сынады.
-
Қазақстан-Сингапур қатынасындағы қызықты деректер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан-Сингапур қатынасындағы қызықты деректер
-
8 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады.
Наверх