Smart Astana мобильдік қосымшасына АӘК желісі қосылды

8 Сәуір 2019, 11:47
2114
Бөлісу:
Smart Astana мобильдік қосымшасына АӘК желісі қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атаулы әлеуметтік көмек туралы сұрақтарға жауапты үйден шықпай-ақ, телефон арқылы немесе мобильдік қосымша арқылы алуға болады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы 111 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. «Астана Innovations» компаниясының хабарлауынша, мұнда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға арналған сенім телефоны ашылған. АӘК – аз қамтылған азаматтарға және аз қамтылған отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.

«Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қандай құжаттар қажет? АӘК алу үшін тұрақты мекенжайдың болуы шарт па? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға үйден шықпай-ақ, жауап алуға болады. Атаулы әлеуметтік көмек туралы және басқа да сұрақтарға жауапты үйден шықпай-ақ, телефон арқылы,  бірыңғай байланыс орталығына 111 қоңырау шалу арқылы немесе Smart Astana мобильді қосымша арқылы алуға болады», - деп мәлімдеді компанияда.
Өзгелердің жаңалығы