Елордада алдағы 2 күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады

8 Сәуір 2019, 11:58
1420
Бөлісу:
Елордада алдағы 2 күнде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы тәуліктерде Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін, 8 сәуірде елордада күн ашық болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0, ... -2°С, күндіз +10... +12°С құрайды», - деп мәлімдеді «Қазгидрометтен». 

Ертең, 9 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшеймек. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +12…+14 °С құрайды. 

Сәрсенбі, 10 сәуірде қалада күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде 0…-2°С, күндіз +10…+12°С көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы