Бүгін Головкиннің туған күні

8 Сәуір 2019, 09:57
2659
Бөлісу:
Бүгін Головкиннің туған күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аты әлемге әйгілі қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин бүгін 37 жасқа толып отыр. 1982 жылдың 8 сәуірінде бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы GGG дүниеге келді. 

Спортшы Қарағандыда туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). 2003 жылдан бері - «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы - спортшы. Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006). 

ҚР біріншілігінің жеңімпазы (2000-2002); ҚР I спартакиадасының чемпионы; жастар арасындағы әлем чемпионы (2000); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002); әлем чемпионы (2003); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 

75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы (Бангкок, Тайланд, 2003); Олимпиада ойындарының 75 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004); «А» класы турнирлерінің көп мәрте жеңімпазы. 

Кәсіпқой бокста WBO нұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010). Геннадий Головкин - орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-інде жеңіске жеткен.  

ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). 

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы