Қызды құтқармақ болып, ажал құшқан батырды еске алу үшін көкпар ұйымдастырылды

8 Сәуір 2019, 18:17
2879
Бөлісу:
Қызды құтқармақ болып, ажал құшқан батырды еске алу үшін көкпар ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда Шалқар Ақымғалиевтың рухына көкпар ұйымдастырылды. Жаппай көкпарға 30-дан аса шабандоз қатысты, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаппай көкпарды "НұрАтырау Құрылыс" ЖШС-і ұйымдастырды. Мекеме қолдауымен киіз үй тігіліп, қазақша күреске кілем жайылып, Құран оқылды. Шараға Шалкар Ақымғалиевтың анасы Ләззат Мәженқызы, қайғылы оқиғаны бастан кешірген Рүстембек Сүндетов, ел азаматтары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шара барысында Шалқар батырдың анасына алғыс xат табысталып, Рүстембек батырға шапан жабылды.

"Атырау облысында ұлттық спорт, соның ішінде көкпар қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда қаламызда апта сайын жеке азаматтар, мекемелер ұйымдастыруымен жаппай көкпар, топтық көкпар ұйымдастырылады. Бүгінгі шара халық батыры Шалқардың рухына ұйымдастырылды. Бұл еліне елеулі азамат, оның ерлік қадамы мәңгілік ел жадында", - деді Атырау облыстық Ұлттық спорт түрлері Федерациясының президенті Асланбек Жанбалаев.

21 наурыз күні сағат 21.52 шамасында патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев суға батып бара жатқан әйелді құтқармақ болып, өзенге түскен. Алайда, қатты ағын салдарынан полиция қызметкерінің өзі суға кетіп, қаза болғаны туралы жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы