Бауыржан Байбек Твиттерде алғашқы жазбасын жариялады

Бауыржан Байбек Твиттерде алғашқы жазбасын жариялады
1376

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Байыржан Байбек Тwitter әлеуметтік желісіне тіркеліп, өзінің алғашқы жазбасын жариялады.

Шаһар басшысы твиттерде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ақорданың парақшасына жазылған.
Қала әкімі өзінің алғашқы жазбасын 8 сәуір күні таңертең жариялады.

«Бүгін біз қаланың Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бірқатар маңызды мәселелерді, оның ішінде туризмді дамыту және Алматының ашық бюджетін жаңаша қалыптастыру мәселелерін талқылаймыз», - деп жазды Бауыржан Байбек.

Наурыз айының соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдері мен республикалық маңызға ие қала басшыларымен кездесу барысында шенеуніктерге әлеуметтік желі арқылы жұртшылықпен тығыз қатынаста жұмыс істеу керектігін айтқан болатын.