АӘК алуға 3 мыңнан астам елордалық өтініш берді

8 Сәуір 2019, 21:53
2123
Бөлісу:
АӘК алуға 3 мыңнан астам елордалық өтініш берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша құжаттарды қабылдап жатыр. 1-5 сәуір аралығында 3 мыңнан астам адам құжат тапсырды. Құжаттар бір апта ішінде қаралады. Егер өтініш беруші бұған дейін де атаулы әлеуметтік көмек алса, жаңа үлгідегі көмекті алуға тек жеке құжатын көрсету арқылы өтініш қалдырады.

«Егер өтініш беруші бұған дейін АӘК алуға құжаттар тапсырмаса, онда электронды базада ол туралы мәлімет болмайды. Сол себепті де біздің мамандар оның жеке құжатын және басқа да құжаттарын сұрауы мүмкін», – деді жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Дана Тұрғынова.

ЖҚО-на АӘК алуға алғаш өтініш берушілердің қаржылық жағдайын тексеру үшін аудандық комиссия барып көреді.

«Өтініштерді мекенжай бойынша уақытша тіркеуге тұрып та беруге болады. Бірақ ол адамдар біздің қалада тұруы керек. Егер өтініш беруші қалада тіркеуде тұрып, бірақ нақты тұратын жері Талапкер болса, комиссия мүшелері өтініш берушіге бара алмайды. Сол себепті ол адамдар өздері нақты қай жерде тұрса, сол жерге тіркеуге тұрып, құжаттарды аудандық және селолық әкімдіктердің аппараттарына тапсыруы тиіс», – деді Дана Тұрғынова.

Өзгелердің жаңалығы