Шымкентте "Қарасора - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында каннабис тобындағы есірткілерді дайындаудың тағы бір фактісі анықталды.
ІІМ мәлім еткендей, есірткі қылмысына қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері Шымкент қаласы тұрғынының қылмыстық әрекетін тоқтатты.
Ол өз үйінің аумағында "гашиш" пен "марихуана" секілді каннабис тобындағы есірткіні өсіруден бастап дайын өнімді сату үшін дайындау процесіне дейін ұйымдастырған.
Тінту барысында ауыл шаруашылығы дақылдарының арасында жасырылған құрамында есірткісі бар шамамен 130 түп өсімдік табылды. Сондай-ақ шаруашылық құрылыстарынан 330 килограмнан астам есірткі шикізаты және әрі қарай сату үшін буып оралған дайын өнім тәркіленді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы - есірткіні өткізу мақсатында сақтау және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы, ықтимал өткізу арналары және заңсыз сызбаға қатысы бар басқа да күдіктілер анықталуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
ІІМ есірткіні заңсыз өсіру, өндіру және тарату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанда "синтетика" таратты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Арал маңынан екі ірі қарасора алқабы табылды
Алматы облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Қызметтік ит Астанаға кіреберісте көліктен есірткі тапты