Қызметтік ит Астанаға кіреберісте көліктен есірткі тапты

Есірткі тасымалдады деген күдікпен 40 жастағы жүргізуші ұсталды.

 polisia.kz Бүгiн 2026, 20:18
Бүгiн 2026, 20:18
265
Фото: polisia.kz

Астанада қалаға кіреберістегі бақылау бекеттерінің бірінде қызметтік ит полицейлерге есірткі затын тасымалдау дерегін анықтауға көмектесті.

Патрульдеу кезінде Бакс атты қызметтік ит Changan маркалы көлікке ерекше назар аударған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері автокөлікті тексеруге кірісті.

Тексеру барысында алдыңғы жолаушы орындығынан өзіне тән иісі бар сұр түсті зат салынған бөтелке табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген зат гашиш болып шыққан.

Есірткі тасымалдады деген күдікпен көліктің 40 жастағы жүргізушісі ұсталды. Табылған зат сараптамаға жіберілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері елордада қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен тыйым салынған заттарды сақтау және тасымалдаудың 32 дерегі анықталған.

Наверх