Шерзатты құлағаннан кейін ұрды, Нұрқанатқа да пышақ тықты – әжесі

18 Сәуір 2025, 11:57
1011
Бөлісу:
Шерзатты құлағаннан кейін ұрды, Нұрқанатқа да пышақ тықты – әжесі
Фото: видеодан скриншот

Талғарда болған Шерзат Болаттың қазасына қатысты істің сот отырысында Шерзаттың әжесі Жұмабике Кадировадан жауап алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Прокурор Жұмабике Кадировадан құлап қалған Шерзаттың қасына кім жолағанын сұрады.

Бәрі жолады. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиеваны ұстап тұрған балалар да барып, Шерзатты құлағаннан кейін ұрды. Себебі Шерзат жүгіріп бара жатып, құлап қалды. Мен қашып кетеді екен деп ойладым. Мен көзіме көрінбегеніне қашып кетті деп ойладым басында. Бірақ қайдан жүгіріп шыққанын білмеймін, - деді Шерзаттың әжесі.

Ол ұлы Нұрқанат Ғайыпбаевтың осы кездегі әрекеті жайлы прокурордың қойған сұрағына жауап берді.

Шерзат құлаған кезінде "Нұрқанат аға, маған бірдеңе тығып алды" деді. Содан кейін Шерзатқа барамын дегенінше, олар Нұрқанатты аяғынан сүйреп, ұрып, оған да пышақ тықты. 3 пышақ кірген, бір пышақ қадалған, - деді Жұмабике Кадирова.

Топ болып жиналған жігіттер Шерзатты бір затпен ұрғанын айтты.

Адамдар "мылтықпен ұрыпты, мылтық Нұрқанаттың, болмаса Қаржаубайдың мылтШерзаттың әжесі айыпталушылармен бірге болған қыздардың не істегенін айттыығы, Қаржаубай пышақ ұстаған" деп айтып жатыр. Менің балаларым осы балаларға қарағанда еңбекқор, халық үшін қызмет етіп жатқан азаматтар. Екеуі де реанимацияда адамдарға көмек беріп жүрді. Қолдарында дипломдары, жұмыстары және бала-шағасы бар азаматтар. Көріп тұрсыздар, мына балалардың бірде-біреуінің қолында дипломы жоқ. Бірақ тәртібі түзу балалар олай болмайды. Дені түзу ата-анадан тәрбиеленген дені түзу балалар болғанда, олар да еңбек етіп, түн ішінде олай жүрмес еді, - деді Жұмабике Кадирова.

Еске сала кетейік, марқұм Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Кадировадан сотталушылардың арасынан кімді танитынын айтты. Ол сотта келіні, яғни Шерзаттың анасы екеуі таксиден түскеннен кейінгі әрекеттерін айтып берді. Сондай-ақ Шерзаттың әжесі айыпталушылармен бірге болған қыздардың не істегенін баяндады.

Өзгелердің жаңалығы