Шахтинскіде ер адам газ баллонын жармақ болды: 35 тұрғын эвакуацияланды

Шахтинск тұрғыны газ баллонын жарып жіберемін деп әлек салды.

3 Қыркүйек 2026, 12:43
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 3 Қыркүйек 2026, 12:43
3 Қыркүйек 2026, 12:43
161
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Шахтинскіде полицейлер тұрғындарды ықтимал қауіптен қорғады.

2 қыркүйек күні полицияға Шахтинск қаласындағы К.Маркс көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтерде тыныштықтың бұзылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Тексеру барысында пәтерде болған 33 жастағы ер адам газ баллонын жарып жіберетінін айтып, қорқытқан. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер подъездегі 35 адамды эвакуациялап, ықтимал қауіптің алдын алу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. 

Анықталғандай, полиция қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстарынан кейін ер адам пәтердің есігін ашқан. Оның мас күйде болғаны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Пәтерді тексеру кезінде газдың иісі анықталған жоқ. Аталған ер адамға қатысты әкімшілік іс жүргізу басталды. Тексеру жүргізу кезеңінде ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды, - делінген хабарламада. 

Жиналған материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда тіркемесінде 400 газ баллоны бар жүк көлігі өртенді

Тағы оқи отырыңыз: 

Жамбыл облысында ауруханада қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге айыппұл салынды

TikTok-та әдепсіздік танытқан қазақстандық жауапқа тартылды

Павлодарда суды заңсыз пайдаланғандар анықталды: 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Наверх