Жамбыл облысында ауруханада қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге айыппұл салынды

2 Қыркүйек 2026, 17:11
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 2 Қыркүйек 2026, 17:11
2 Қыркүйек 2026, 17:11
173
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Жамбыл облысында әйел ауруханада қоғамдық тәртіпті бұзған. Әйелге дөрекі сөйлеп, балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды. 

Жамбыл ауданының Т.Рысқұлов аудандық соты ұсақ бұзақылық жасаған әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

2026 жылдың тамызында сағат 15:30 шамасында Құлан ауылының орталық аудандық ауруханасында әйел жәбірленушіге дөрекі және балағат сөздер айтқан. Сөйтіп қоғамдық тәртіпті бұзып, науқастар мен ауруханаға келушілердің тыныштығын алған.

Құқық бұзушы кінәні ішінара мойындап, жанжал кезінде дөрекі сөйлегенін, бірақ әдепсіз сөздерді қолданбағанын түсіндірді.

Жәбірленуші хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.

ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 20-дан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді. Кәмелетке толмаған балалардың болуын, материалдық жағдайын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты. Сот қаулысымен әйел ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды, - деп хабарлады Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық соты.

Қаулы заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әдепсіздік танытқан қазақстандыққа айыппұл салынды

Тағы оқи отырыңыз: 

Павлодарда суды заңсыз пайдаланғандар анықталды: 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Жамбыл облысында такси жүргізушісі WhatsApp-тағы дауыстық хабарлама үшін жауапқа тартылды

Астанада TikTok-та әдепсіз видео жариялаған шетелдікке айыппұл салынды

 

 

Наверх