Ұшақ апаты: Оқиға орнында құтқарушылар үшін ас-су дайындалуда

27 Желтоқсан 2019, 16:20
3778
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Оқиға орнында құтқарушылар үшін ас-су дайындалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл адамдары апат орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға тамақ істеп жатыр.

Әлеуметтік желіде ауыл адамдары ұшақ апат болған жерде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан адамдарға ыстық тамақ әзірлеп жатқан видеолар тарап жатыр.

Гүлдала ауылының тұрғындары құтқарушыларға ыстық шай мен тамақ әзірлеп жатыр, - дейді видео авторы.

Апат орнында жұмыс істеушілер ас-су ішуі үшін бірнеше шатыр тігілген. Мұнда қызмет атқарып жүрген жергілікті тұрғындар және жақын маңдағы ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері. Ұйымдастырушы Талғар аудандық әкімдігі. Құтқару комитетінің штабы да осында, - деп жазған Ержан Әбдіраман.

Алматы облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша, оқиға орнынан алыс емес жерде құтқарушыларға арнайы тамақтанатын орын жасалды. Тазарту жұмыстарына волонтерлар да қатысып жатыр. Барлығы көмек қолын созуда, - дейді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ, ұшақтың байланысқа шыққан аудиожазбасы жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы