Ұшақ апаты: Бас мүфти барлық мешітте дұға жасауды тапсырды

27 Желтоқсан 2019, 16:53
3338
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Бас мүфти барлық мешітте дұға жасауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты қасиетті жұма намазынан кейін жамағатпен дұға жасауды тапсырды.

Сонымен қатар, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтты.

Алматы халықаралық әуежайы маңында болған қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан сіздерге, ағайын-туыстарыңызға, барша халыққа көңіл айтамын. Қайғылы жағдай біздің де жанымызға батты, жүрегімізді ауыртты. Жаратушы Иеміз марқұмдарды өз мейіріміне бөлесін деп тілейміз. Жарақат алған жандарға Жаратқаннан шипа сұраймыз. Алла Тағала елімізді, жерімізді тосыннан келетін түрлі апаттан сақтасын. Ел аман, жұрт тыныш болғай. Әмин!, - делінген бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.
 Айта кетсек, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылында апатқа ұшыраған. Апат салдарынан 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керектігі айтылды. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы