Ұшақ апаты: 9 адам қаза тапты

27 Желтоқсан 2019, 09:49
3384
Бөлісу:
Ұшақ апаты: 9 адам қаза тапты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға орнында блогер Денис Кривошеев жүр. Ол өзінің  білген ақпараттарымен Facebook-тегі парақшасында бөлісіп жатыр.

Қаза тапқандар саны 9, зардап шеккендер – 6, оның үшеуі – бала. Зардап шеккендерді Алматы қаласы №4 ауруханасына апарса, балаларды Алматы қаласы №1 ауруханасына апарған.

Оқиға орнында  40 жедел жәрдем бригадасы және өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр.  Ұшақ бортында шамамен 95-98 жолаушы болған.

Тағы қосымша ақпарат анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

  



Сонымен қатар, Алматы облысы Талғар ауданы Полиция басқармасы басшысының орынбасары Марат Күштібаев қайғылы оқиға орнынан түсініктеме жасады.



 

Өзгелердің жаңалығы