Сақадай сай болуға тиіс. Үкімет басшысы жер сілкінісі туралы айтты

5 Наурыз 2024, 10:24
817
Бөлісу:
Сақадай сай болуға тиіс. Үкімет басшысы жер сілкінісі туралы айтты
Фото: Үкімет

Бағымызға қарай, айтарлықтай зардап болған жоқ. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы жер сілкінісі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көріп отырғанымыздай, Төтенше жағдайлар министрлігі, әкімдік және басқа да мемлекеттік органдар орын алған жағдайға қатысты шұғыл әрекет ете білді. Бұл жолы дабыл сиренасы мен халықты құлақтандыру жүйесі уақтылы іске қосылды. Қала халқы қабылдау пункттеріне эвакуацияланды. Бағымызға қарай, айтарлықтай зардаптар болған жоқ. Қазір орын алған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасуда, - деді премьер-министр.

Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі керек екенін айтады.

Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс. Халықпен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қаупіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі керек. Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдаңыздар, - дейді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, кеше Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Кейіннен қалада 2 балдық афтершок болды. Табиғи апаттан бір адам зардап шекті. Сондай-ақ Талдықорған қаласында да жер сілкінді.

Өзгелердің жаңалығы