Алматыдағы жер сілкінісі 5 балды құрады

4 Наурыз 2024, 11:37
9266
Бөлісу:
Алматыдағы жер сілкінісі 5 балды құрады
VIDEO
Фото: pixabay.com

Алматыда 4 наурыз күні сағат 11:22-де қатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің күші - 5 балды құрады.

"ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді.  Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан -  делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2.

MPV магнитудасы 6.1.

Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш. б.

Тереңдігі 10 км.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы