Алматыда 2 балдық афтершок сезілді

4 Наурыз 2024, 13:10
1161
Бөлісу:
Алматыда 2 балдық афтершок сезілді
Фото: BAQ.KZ

Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 255 км жерде Қытай аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы уақытымен 12 сағат 54 мин 31 сек жер сілкінісі тіркелді. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 255 км жерде Қытай аумағында-афтершок орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.9.

MPV магнитудасы 5.3.Эпицентрдің

 координаттары 41.22° С. Е. 78.47° ш. б.

Тереңдігі 10 км.

Анықталғандығы туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда 2 балл.

Алдын ала ақпарат бойынша жер сілкінісі Қытай аумағында болды - афтершок. Алматы қаласында 2 баллдық жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлады ТЖМ.

Айта кетейік, Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы "Жиын" сигналы бойынша көтерілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ және жер сілкінісінің салдары туралы мониторинг, ақпарат жинау жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, Алматыда бүгін 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Сонымен қатар Талдықорғанда 2 балдық жер сілкінісі болды.

Өзгелердің жаңалығы