Талдықорғанда жер сілкінді

4 Наурыз 2024, 11:48
3377
Бөлісу:
Талдықорғанда жер сілкінді

Жетісу облысының Талдықорған қаласында 2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Жедел ақпарат бойынша: Алматы облысында - 5 балл, Жетісуда (Талдықорған)- 2 балл, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жедел желі іске қосылды.

Еске салсақ, осыдан жарты сағат бұрын Алматы қаласында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұған дейін меншікті тілшіміз Алматыдағы қазіргі жағдайды көрсеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы