Күріш, балық, қауын-қарбыз: Астанада Қызылорда жәрмеңкесі өтеді

Екі күн бойы елорда тұрғындары Сыр өңірінің өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып ала алады. Жәрмеңкеге 500 тоннадан астам өнім жеткізіледі.

14 Қыркүйек 2026, 12:11
АВТОР
 gov.kz 14 Қыркүйек 2026, 12:11
14 Қыркүйек 2026, 12:11
92
Фото: gov.kz

Астанада 19-20 қыркүйек күндері Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Екі күн бойы елорда тұрғындары мен қонақтары Сыр өңірінің өнімдерін өндіруші бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкені Қызылорда облысының әкімдігі ұйымдастырады. Сатып алушыларға өңірдің брендіне айналған ақ күріш, жаңа ауланған балық, табиғи ас тұзы, сондай-ақ қауын-қарбыз, көкөніс пен жеміс-жидек және ұлттық сусындар ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңкеге Қызылорда облысының диқандары мен шаруашылықтары 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жеткізеді. Барлық өнім өндіруші бағасымен сатылады.

Жәрмеңкеде ұсынылатын өнімдердің көлемі:

  • 200 тоннадан астам күріш;
  • 10 тонна ет өнімдері;
  • 25 тонна балық өнімдері;
  • 200 тонна бақша өнімдері;
  • 50 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек;
  • 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері;
  • 5 тонна ас тұзы.

Осылайша, елорда тұрғындары Сыр бойының ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік алады.

Жәрмеңке 19-20 қыркүйек күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Өтетін орны – «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойы.

Ұйымдастырушылар Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге шақырады.

Наверх