Қызылорда облысында учаскелік полиция инспектордың өліміне күдікті адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Ол Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Бұған дейін хабарланғандай, Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қайтыс болған. Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында болған.
Полиция мәліметінше, күдікті бұған дейін отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әкімшілік хаттамаларды қаза болған учаскелік инспектор толтырған. Сондай-ақ күдіктіге қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған.
Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Еске салайық, бұған дейін Аралда тұрмыстық жанжал кезінде учаскелік инспектор қаза тапқаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Көршілер арасындағы жанжал: Шымкентте ер адам қаза тапты
Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды
Әйелді үйінде ұрып, телефонын тартып алған: Леңгірде түнде шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды