Жамбыл облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы және тергеу бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «вагон әпереміз» деп 22 млн тенгеге жуық ақша иемденген алаяқтыққа қатысы бар екі күдікті Алматы қаласының аумағынан ұсталды.
Тергеу барысында күдіктілердің логистикалық компания қызметкерлері ретінде танысып, теміржол вагондарын ұсыну сылтауымен жәбірленушінің сеніміне кіргені анықталды. Осылайша олар оның жалпы сомасы 21 млн 883 мың тенге қаржысын иемденген.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдіктілер сот санкциясымен қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген «The Finiko» құрылымдық бөлімшесінің басшысын Түркиядан елге қайтарды.
Тағы оқи отырыңыз: Мемлекеттік ақшаны алу үшін жалған қожалықтар құрған: Күдікті әйел Грузиядан қайтарылды