Жамбыл облысында оқушылар арасындағы бопсалау және кәмелетке толмағандарды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактілері бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысының арнайы прокурорлары Қордай ауданы Қаракемер ауылында оқушылар арасындағы бопсалау және үш кәмелетке толмағанды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу барысында ауыл мектептерінің оқушылары арасында өзіндік иерархиясы, мінез-құлық және бағыну қағидалары, сондай-ақ жазалау тәртібі бар «Система» деп аталатын бейресми құрылым әрекет еткені анықталды.
Жиналған дәлелдемелердің жиынтығы бопсалау әрекеттері мен үш кәмелетке толмағанның қазасы арасында себеп-салдарлық байланыстың бар екенін көрсетеді. Нәтижесінде екі күдіктіге ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2), 3)-тармақтары (қорқытып алу) және 105-бабының 2-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша айып тағылып, екеуі де күзетпен қамауға алынды. Тағы бес күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2), 3)-тармақтары бойынша сараланып, оларға өзге бұлтартпау шаралары қолданылды. Қазіргі уақытта аталған бейресми құрылымның қызметі тоқтатылды, - деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасының Басқарма бастығы Берік Төлеуов.
Сонымен қатар прокурорлар құзыретті органдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынулар енгізді. Қазіргі уақытта олар қаралуда.
Прокуратураның мәліметінше, 23 қазанда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Айыпталушылардың кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етілмейді.
Айта кетейік, бұған дейін БҚО-да бір-бірінің шашын жұлып, төбелескен оқушы қыздарды мұғалімдер арашалап алды.
Тағы оқи отырыңыз:
Сабақтағы төбелес: Ақтауда оқушы ауруханаға түсті
Балқаштағы кісі өлімімен аяқталған төбелес: Үш адам сотталды
Бір соққы жүректі тоқтатуы мүмкін: Бас прокуратура оқушыларға кеудеден ұрудың қауіптілігі туралы ескертті