Бір соққы жүректі тоқтатуы мүмкін: Бас прокуратура оқушыларға кеудеден ұрудың қауіптілігі туралы ескертті

Есінен тану, жүректің тоқтауы, өлім: Күш сынасудың ақыры неге әкеледі?

12 Қазан 2026, 20:27
АВТОР
 видеодан скриншот 12 Қазан 2026, 20:27
12 Қазан 2026, 20:27
127
Фото: видеодан скриншот

Жасөспірімдер арасында кеудеге жұдырықпен соғу кейде әзілге, өзара қарым-қатынасты анықтау тәсіліне, «жазаға» немесе күшін көрсетуге айналып жатады. Бас прокуратура мұндай бір ғана соққының өзі орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көзге көрінетін жарақат болмаса да, кеуде қуысына қатты соққы сирек жағдайларда жүрек ырғағының қауіпті бұзылуына және жүректің кенеттен тоқтауына әкелуі мүмкін. Медицинада бұл құбылыс commotio cordis, яғни жүректің соққыдан зақымдануы деп аталады.

Сондықтан кеудеге соққы жасауды әзіл ретінде де, «жаза» ретінде де, төзімділікті сынау мақсатында да қауіпсіз деп санауға болмайды.

Салдары қайғылы болуы мүмкін: бір соққы – есінен тану – жүректің тоқтауы – өлім. Мұндай әрекет жасөспірімнің өзі үшін де қайғылы жағдайға ғана емес, елеулі құқықтық салдарға да әкеп соғуы мүмкін, - дейді прокуратура өкілдері. 

Бас прокуратураның бастамасымен кәмелетке толмағандарға мұндай физикалық күш қолданудың нақты қаупін түсіндіруге бағытталған арнайы әлеуметтік бейнеролик әзірленді.

Алғашқы көмек көрсету қағидаларын да білу маңызды: егер соққыдан кейін адам есінен танып, қалыпты тыныс алмаса, дереу жедел жәрдем шақырып, жүрек-өкпе реанимациясын бастау және қолжетімді болса, автоматты сыртқы дефибрилляторды пайдалану қажет. Кеудеге соққы берме! Бір ғана соққы жүректі тоқтатуы мүмкін, - дейді Бас прокуратура.

Наверх