Сабақтағы төбелес: Ақтауда оқушы ауруханаға түсті

6 Қазан 2026, 19:32
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 6 Қазан 2026, 19:32
6 Қазан 2026, 19:32
174
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ақтауда дене шынықтыру сабағы кезінде 10 және 11-сынып оқушыларының арасында төбелес болды. Жанжалдан кейін 10-сыныптың екі оқушысы ауруханаға жүгініп, олардың бірі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның BAQ.KZ сауалына берген жауабында жанжалға қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілгені айтылды. 

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер жүргізді. Оқиғаның мән-жайы мұқият зерделеніп, қажетті материалдар мен түсініктемелер жиналды.Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл факті бойынша жиналған материалдар қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды, олармен және олардың отбасыларымен жұмыс жалғасатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Семейде 13 жастағы екі сыныптас төбелесіп, бірі пышақ жарақатын алды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

«Отбасылық өміріне араласқаны үшін жазалаған»: Ер адам қолы байлаулы, жалаңаяқ жүрген әйелге көмек көрсетті

Көршілер арасындағы жанжал: Шымкентте ер адам қаза тапты

Жанжалдан кейінгі шешім: Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайы сотта не деді?

Наверх